{metadescription}
Ақмола облысындағы Есілде балық қырылған
Ақмола облысындағы Есілде балық қырылған

Ақмола облысындағы Есілде балық қырылған

Ақмола облысындағы Есіл өзенінде балық қырылып жатыр. Осылай деп Зеленый Гай ауылының тұрғындары дабыл қаққан еді. Бірақ инспекторлар бүгін арнайы барып, өлген балықты таба алмай келді. Өлексе іздеген инспекторлар оның қайда кеткенін білмей бас қатырып жатыр.

Екатерина Ковалева Есіл жағасында жаппай қырылып жатқан балық өлекселерін көріп ұялы телефонына түсіріп алған. Ол Зеленый Гай ауылының тұрғыны. Оның айтуынша,бұл жердегі өлі балықтар шабақ пен табан балық болатын. Бір қызығы, инспекторлар келсе, өлі балықтың біреуі де жоқ. Амалсыздан, бейнетаспа авторын іздеп тапқан. Ковалева өлекселердің көп болғанын дәлелдеп әлек. Мамандар өзен суынан сынама алған. Бірақ оны адам жеді ме, шағала іліп кетті ме, белгісіз. Енді оны су сараптамасы анықтайтын болады.

Нығмет Қауашов, «Есіл» облысаралық бассейн балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:

- Барған жерде балықтың өлекселері табылмады. Бірақ соған қарамастан судың сынамасы алынды, экологиялық департаменттен. Алдын ала болжам бойынша, балықтың қырылуы судың таяздануына, ауа райының ыстық болуына, судың гүлденуіне байланысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.