Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштерінің оқу-жаттығуы өті
Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштерінің «Қанжар-2023» бірлескен оқу-жаттығуының екінші кезеңі өтті. «Оймаша» полигонында екі елдің қорғаныс министрлері жауынгерлік дайындықты бақылап, саладағы екіжақты қатынастың ағымдағы жай-күйін талқылады.
Автор: Мерей Қалиасқар
14.08.2023
Компьютерлік командалық-штаб оқу-жаттығу түріндегі алғашқы кезеңі айдың басында Өзбекстанда өткен болатын. Ақтау гарнизонының «Оймаша» оқу полигонының базасында өткен екінші кезеңде практикалық іс-қимыл күні-түні қолайсыз ауа райында пысықталды. Қазақстан мен Өзбекстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің біріккен тактикалық жасағының алдына заңсыз қарулы құралымдарды анықтау, оларды оқшаулап, көзін жою міндеті қойылды. Шынайы ұрыс жағдайында өткен оқу-жаттығуға жаяу әскер жауынгерлік машиналары, артиллериялық және зенит кешендері, тікұшақтар мен ұшақтар, ұшу аппараттары тартылды.
Бердімұрат Әбибуллаев, 25744 әскери бөлім командирі:
- Бұл оқужаттығудың басты мақсаты – шекарадағы заңсыз қаруланған топты біріге іс-қимыл ете отырып,олардың күшін жою. Бұл жерде бір-бірімізбен тәжірибе алмасу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!