{metadescription}
Талдықорғанда әуе базасында әскери қызметкер көз жұмды
Талдықорғанда әуе базасында әскери қызметкер көз жұмды

Талдықорғанда әуе базасында әскери қызметкер көз жұмды

Талдықорғандағы әуе базасында төтенше жағдай! Әуе техникасын ұшуға дайындау кезінде бір әскери қызметкер көз жұмды. Тағы біреуі зардап шегіп, қазір Қорғаныс министрлігіне қарасты госпитальде ем алып жатыр.

Оқыс жағдай бүгін, яғни 15 тамызда болған. Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, олар әуе кемесін ұшуға дайындап жатқан кезде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен. Салдарынан 2 әскери қызметкер зардап шеккен. Олардың біреуі алған жарақаттарынан сол мезетте тіл тартпастан кетіпті. «Екінші әскери қызметкерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеу шаралары жүргізілуде» деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі:

- Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды. Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде