{metadescription}
Шығынға батқан шаруаларға өтемақы төлене ме ?
Шығынға батқан шаруаларға өтемақы төлене ме ?

Шығынға батқан шаруаларға өтемақы төлене ме ?

Шығынға батқан шаруаларға өтемақы төленеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл туралы бүгін Үкіметтің кулуарында айтты. Жамбыл облысындағы су тапшылығынан зардап шеккендердің тізімі жасалып, шығыны есептеліп жатыр екен. Ал Экология министрі Зүлфия Сүлейменова «Қырғызстан бізге қасақана су бермей отыр ма?» деген көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Үкімет отырысынан әріптесім Айғаным Достанбай сабақтайды.

Бірде тасып, бірде тарықтырып... әйтеуір жамбылдық шаруалардың несібесін әуелден айырқалпақты ағайынның қас қабағы шешеді. Қырғызстаннан келетін су көп болса, көңіл де тоқ. Бірақ биылғы ахуал бұрынғыдан бөлек. Қырғызстан Қазақстанға ағатын егіс суын тоқтатып тастап, екі ортада біздің шаруалардың шырылдап қалған жайы бар.

Үкімет басшысы, одан қалды Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев те Әулиета жеріне барып қарашаның жайын өз көздерімен көріп қайтты. Бірақ жер еміп, напақасын тауып отырған халық жағдайдың неліктен бұлай аяқ асты ушыққанына наразы. Бәз баяғыша, бізде бар кінәні өз мойнына ала қоюға дайын министрлік қайдан болсын?! Ауыл шаруашылығы минсистрлігі Экология ведомствасына сілтейді. Ал министр Зүлфия Сүлейменова әдеттегідей мың сұрақтың жауабын жеделсатының ар жағында қалдырғысы келгенімен...

- Қырғызстан тарапынан ескерткен екен?

- Шілде айында бізде мында Үкімет отырысы болды. Ол кезде жалпы су жағдайында егжей тегжейлі баяндама жасаған болатынмын.

- бері шығып жауап беріңізші...

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология министрі:

- Қырғызгидрометтің наурызсәуір айларында берген болжамы не подтвердился. Расталған жоқ. Негізінен олдардың берген болжамы нормаға сәйкес, немесе нормадан жоғары болады деген божамда. Өкінішке қарай, бұл нормадан едәуір төмен болды. Осыған байланысты әрине біз қырғыз тарапымен нақты графикты жасап. Судың келуі, судың қалай, шығындалуы мәселесін біз пысықтаған болатынбыз.

Министр қырғыз ағайын бізге су бермей отыр деген уәжбен келіспейді. Оның сөзінше, су мүлде жоқ. Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрі таяуда ғана қырғыз шаруалардың өзі сусырап отырғанын айтып, мәлімдеме жасаған еді. Одан қалды, кестеге сай, Қазақстанға жіберілетін судың мөлшері таусылыпты.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология министрі :

- Бірақ бұған қоса, бірнеше айта кететін мәселе бар. мәселен, біз Тасөткел магистралдық каналдың өзінде, тек қана магистралдық каналда 200-ден астам заңсыз насостар айқындаған болатынбыз. Яғни қазіргі таңда заңсыз су алу мәселелері анықталды. Осы мәселе бойынша Бас порокуратураға тисіті ақпарат жіберген болатынбыз.

Ендігі мәселе, шаруалардың шығыны өтеле ме деген сұрақ. Бұған енді Экология министрі емес, ауыл шаруашылығына жауапты Ербол Қарашөкеев басын ауыртуына тура келеді. «Шығын көлемі есептелуде» деп жүрдім-бардым жауап берген министрдің орынбасарын Үкіметтің табалдырығынан әзер тоқтатып алдық.

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Жұмыс тобы қазір жұмыс жасап жатыр. Шаруалардың барлығы анықталады. Жергілікті әкімдіктер, арнайы комиссиялар құрылды. Жұмыс тобы өзінің қорытындысын жасайды сосын.

Қып-қызыл шығынға батқан диқандардың бір де біреуі ескерусіз қалмайды деп сендіріп отыр жауаптылар. Олардың барлығына өтемақы төленеді. Осы мақсатта Үкімет резервінен қаражат бөлу жоспарлануда. Айта кетейін, министрілер кабинеті жылу электр орталықтарын жөндеуге де, Семей орманы өртінің салдарын жою үшін де осы Үкіметтің қорына қол салған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде