Жамбыл облысындағы құрғақшылықтан шаруаларға келген шығын көлемі 3 млрд теңгеден асады
Жамбыл облысындағы құрғақшылықтан шаруаларға келген шығын көлемі 3 млрд теңгеден асады. Бұл туралы бүгін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Ал тіршілік нәрінің тапшылығынан қураған алқаптардың көлемі 8 мың гектарға жуықтайды. Әкімдіктің сөйлеткен сандары әлі де өсуі мүмкін. Өйткені анықтау жұмыстары аяқталған жоқ. Аграрлық аймақ саналатын Жамбылда жақын арада төтенше жағдай жарияланады. Тек содан кейін ғана диқандарға өтемақы төленеді.
Автор: Шерхан Абзалұлы
15.08.2023
Нұрби Жігітеков, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Ол комиссия барған кезде көзбен көреді. Фотовидеофиксация жасайды. Одан көршілес қасындағы отырған шаруаның дәлелі болу керек. Ол да қойып беру керек. Негізі акт жасалады. Сол актда қандай дақылдар, қанша алқап. Оның ішінде гос акт бар.
Жамбылдағы тіршілік нәрінің тапшылығы оңтүстік өңірлерге салдарын тигізбей қоймайды дейді сарапшылар. Жиын-терін маусымы жоспардағыдай жүрмегендіктен көрші облыстар мен Алматы қаласындағы көкөніс құны қымбаттайды дейді. Ал ағын су мәселесін шешу үшін мемлекет шаруа қожлықтарға тамшылатып суару технологиясын алуға көмек беру керек. Климат құбылмалы болғандықтан Қазақстан барлық жағдайға дайын болу қажет деп дабыл қағады экономистер.
Арман Байғанов, Экономист:
- Жамбылдағы шаруалардың басым бөлігі картоп егеді. Ал қуаңшылықтан қатты қиналып отырған Қордайда биыл пияз, сәбіз секілді өнімдер күйіп кетті. Бұл аудан Алматы қаласына жақын болғандықтан жылда өнімдерін сонда жеткізетін. Енді биыл бұл көкөністер көлемі аз болғандықтан бағаның аспандауы ықтимал. Сондай-ақ ағын судың салдары мал шаруашылығыны да әсер етіп, жем-шөптің құны қымбаттауы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!