{metadescription}
Елімізде өсімдік майы қымбаттауы мүмкін
Елімізде өсімдік майы қымбаттауы мүмкін

Елімізде өсімдік майы қымбаттауы мүмкін

Елімізде өсімдік майы қымбаттауы мүмкін. Оған шикізат тапшылығы себеп. Бұл туралы «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы» айтып отыр. Биыл құрғақшылық кесірінен күнбағыстың бітік шықпауы - өндіріс қарқынының 30-40 пайызға дейін төмендеуіне әкелді. Сондықтан алдымен отандық өндірушілерді жарылқап, экспорт көлемін қысқартуды сұрап отыр. Қазірдің өзінде майлы дақыл өңдейтін зауыттардың қорында небәрі 260 мың тонна ғана пісте қалыпты. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеуді ведомствоаралық комиссияның шешімінен кейін ғана енгізе алатындарын жеткізді.

Шикізат жетіспеушілігіне байланысты өндіріс орындарында бұрынғы қарқын жоқ. Зауыттан шығатын дайын өнім көлемі 50 пайызға дейін төмендепті. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы құрғашылықты ескере отырып, шемішкені шетелге экспорттауды азайтуы тиіс дейді қауымдастық мүшелері. Өйткені осы жылы құрғақшылық салдарынан алқаптағы егіннің өзі бітік шықпайтын түрі бар екен.

Ядыкар Ибрагимов, Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы:

- Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облысындағы алқапта күнбағыс өнімінінің түсімі 30-40 пайызға дейін азаюы мүмкін. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға аз. Оған ең алдымен аптап ыстық себеп. Соңғы 1 жарым - 2 айда жаңбыр мүлде жаумаған. Ел ішінде шикізат тапшылығы туындаса, бағаның да күрт көтерілу қаупі бар. Егер 1 литр сұйық майдың құны 1000 теңгеден асып кетсе оған кім жауап береді?

Мамандар елімізде шикізат қоры 260 мың тонна ғана қалғанын айтады. Ол барлық кәсіпорынды қамтуға жеткіліксіз. Алматыдағы мына зауыт тәулігіне 200 тонна май шығарады. Отандық өнімді мамандар еліміздің барлық өңіріне жібереді екен. Бірақ соңғы уақытта бұл көрсеткіш айтарлықтай азайыпты. Оған шикізаттың жетіспеушілігі себеп деп отыр.

Наталья Солохина, Азық-түлік өндіруші компанияның бас директорының орынбасары:

- Ең алдымен зауытымызда майлы дақылдар шикізатының мол мөлшерде болғанын қалаймыз. Өйткені кәсіпорын күннен күнге дамып, өркендеп жатыр. Егер қажетті өнім, яғни күнбағыс жеткілікті болса, халықты сапалы маймен толық қамти аламыз. Жаз уақытында шикізатты жинап, күзде өндіруге кірісеміз. Жаңа маусымға қолдағы барымызбен ғана амалдаудан басқа шара жоқ.

Бұл еліміздегі бір ғана зауыттағы мәселе емес. Сол себепті майлы дақылды өңдеушілердің сырттан бұрын ішті жарылқайық деген өтініштері бар. Сарапшылар министрлік шикізаттың шетелге шығуын шектесе, күнбағыс бағасы арзандауы мүмкін екенін айтады. Әрине ол кәсіпкерлердің оң жанбасына келетіні хақ. Бірақ дүкен сөрелеріндегі сұйық май құнының төмендеуі екіталай. Ал, Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл қуаншылық болғанын мойындап отыр. Бірақ ол ішкі нарыққа ешқандай әсер келтірмейді деп сендірді.

Дамир Егізбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша айтар болсақ, еліміздегі мынау май мен өндірістің көлемі өзіміздің мынау жұртшылықты 130-дан астам пайызды қамтамассыз етеді. Сондықтан бұл жерде экспортқа да, ішкі тұтынуға да көлемі жеткілікті. Егерде мысалы 22 жылы көрсеткіш бойынша мынау пісте дақылдарының көлемі 1 млн 10 гектардың көлемі болатын болса, биылғы жылдың көрсеткіші былтырғыға қарағанда шамамен 60-70 гектарға асқан.

Сарапшылар өсімдік майының бағасы тағы қымбаттауы мүмкін деп отыр. Ол ең алдымен тапшылықтан күнбағыс құнының өсуіне байланысты. Ал экспортты шектеуге қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің әзірге айтары жоқ. Мұндай шешім ведомствоаралық комиссия отырысында талқылануы тиіс екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде