{metadescription}
Оқу жылы: Көптеген мектеп құрылысы аяқталмай жатыр
Оқу жылы: Көптеген мектеп құрылысы аяқталмай жатыр

Оқу жылы: Көптеген мектеп құрылысы аяқталмай жатыр

Жаңадан салынып жатқан 15 мектептің құрылысы әлі бел ортасына да жетпеген. Уақытылы ашылмайтын білім ордалары тек желтоқсан айында қолданысқа берілуі мүмкін. Жауапсыз мердігер компанияларды қара тізімге енгіземіз деп талай рет Оқу-ағарту министрлігі айтқанымен, жауапсыз компаниялардың ізін кесу әзірге мүмкін болмай тұр. Мұндай нысандардың басым бөлігі Түркістан облысы мен Астана қаласында орналасқан.

Жаңа оқу жылының басталуына небәрі екі апта уақыт қалды. Оқу-ағарту министрлігі жөндеуден өтуі тиіс білім ордаларының дайындығын пысықтауға бел шеше кірісіп кеткен. Биыл180 мектеп күрделі жөндеуден өтуі тиіс болған. Олардың басым бөлігі қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұрған нысандар. Тіптен кейбірін білім ордасы деуге ауыз бармайды. Тек мұғалімдер мен қарапайым қарашаның күшімен қалқайып тұрғаны болмаса.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Оқу жылының аяқталуына екі апта қалды. Оған дейін 52 жаңа мектеп ашылады деп жоспарлануда. Жаңа білім ордасын мыңдаған оқушы асыға күтіп жүр. Сонымен қатар 15 жаңа мектеп ашылмай қалуы мүмкін.

Құрылыстың тұралауына министр Ғани Бейсембаев жергілікті әкімдіктерді кінәлап отыр. Сөзінше жауаптылар, жобалау сметалық жұмыстарды тапсырарда ертерек қамданып, ішкі жөндеуді 1 маусымнан бұрын бастауы қажет. Дұрысы құрылыс наурыз айында басталса игі деп отыр. Бірақ осы ретте министр мырза оқу жылының соңғы айларында балалардың қайда білім алатынын нақтыламады. Тек қуанарлығы, биылдан бастап мұғалімдер сынақтан омақасып құлап, аттестациялаудан өтпей қалды деген жаңалықты енді естімейміз. Себебі ұстаздардың біліктілігін дәлелдеу басқаша тәртіппен жүргізіледі.

Ғани БейсембаевҚР Оғу-ағарту министрі:

- Мұғалімдердің білімділіктілігін оқушылардың жетістігімен бағалау бағытында бағытталған. Әрине бұл жүйеде мұғалімдерді әурелеу мәселесі толығымен алынып тасталады. Сондай-ақ, мұғалімдерді құр алаңдату емес, жемқорлыққа да жол беретінінін көріп отырмыз.

Білім ордаларындағы қауіпсіздік шаралары назардан тыс қалмайды. Ол үшін бейнебақылау камералары мен турникеттер жаппай орнатылуда. Ел бойынша бес мыңнан астам мектеп тексерілген. Оның тең жартысында қарапайым дабыл түймелері де орнатылмағандығы анықталды. 

Марат Қожаев, ҚР ІІМ орынбасары:

- Бейнебақылау камераларын жедел басқару орталықтарына қосу бойынша техникалық көмек көрсетіліп жатыр. 2900 нысанда заң бұзушылықтар анықталды. Бұл негізінен бейнебақылау камераларының стандарттарға сәйкес келмеуі, турникеттердің болмауы , түймешелерінің болмауы.

Оқу-ағарту министрі құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімнен кешіктірген компанияларды қара тізімге енгіземіз деп отыр. Себебі биылдың өзінде Ақмола облысында 7, ал Павлодар мен Солтүстік Қазақстанда 2 мектеп 1 қыркүйекте оқушылар үшін есіктерін айқара аша алмайды. Осылайша, бұл балалар жөндеу біткенге дейін тұратын жеріне жақын білім ордасының есігін сығалауына тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде