Банкоматтан 13 млн теңгені жымқырғандар ұсталды
Банкоматтан 13 млн теңгені жымқырғандар ұсталды. Қыруар қаржыны үптеп кеткен пысықайлар Алматы облысы Қаскелең қаласының 25 жастағы тұрғындары. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Автор: Салтанат Шырынхан
15.08.2023
Оқиға таңғы уақытта Алмалыбақ ауылында болды. Бетперде киген екі азамат банкомат тұрған нысанға кіріп, жымысқы әрекеттерін емін-еркін жүзеге асырған. Барлығы бақылау камерасынан анық көрініп тұр. Қолдарына медициналық ақ қолғап киіп алыпты. Кілтті таңдау арқылы темір құрылғыны оңай ашқан олар бірер минуттың ішінде 12 миллион 882 теңгені ұрлап қашқан. Жедел іздестіру шарасының арқасында күдіктілер көп ұзамай қолға түсіпті.
Ернар Сайділдин, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:
- Аталған дерек ҚР ҚК 188 бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жеделіз-дестіру іс-шаралары барысында А есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдеме алынып, іс материалдарына қоса тіркелді. Күдіктілер басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы екені тексерілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!