{metadescription}
Ақтөбе қоқысқа көміліп жатыр
Ақтөбе қоқысқа көміліп жатыр

Ақтөбе қоқысқа көміліп жатыр

Ақтөбе қоқысқа көміліп жатыр. Коммуналдық мекемелер аулалардағы тұрмыстық қалдықтарды шығаруға үлгерер емес. Шыжыған ыстықта тұрмыстық қалдықтар шіріп, таза ауамен тыныс алудан қалдық деп ашынады тұрғындар. Әкімдіктегілер қоқысты уақытылы шығара алмай отырғандарын мойындайды. Бюджеттен бөлінген ақшаға техника сатып алған соң ғана шешіледі дейді.

Ақтөбеліктер шыжыған ыстықта желдету үшін терезе ашудан қалған. Аулада тау болып үйілген қоқыс шіріп, күлімсі иіс айналаны алып жатыр. Коммуналдық мекемелер апталап қоқыс шығаруды қойды дейді тұрғындар.

Ұлмекен Аманшина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Мына қоқыс қалай тұра береді? Мен үшінші топ мүгедегімін. Үйде тұру мүмкін емес. Кеше полиция шақырып, арыз жаздым. Иіс жаман, иә. Тұншығамыз ғой. Түнде терезе ашпаймыз.

Виля Старченко, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Қоқысты әкетпегендеріне 21 күн болды. Ол шіріп, жел тұрса ауланы жағымсыз иіс алып кетеді. Үйілген қоқыстан контейнерлер де көрінбей қалды. Хабарласпаған мекемем қалған жоқ. Бірақ ешбірінен қайран жоқ.

Ақтөбеде қоқыс шығарумен үш компания айналысады. Соңғысын коммуналдық мекеме ретінде әкімдік жанынан ашқан еді. Қала аумағының жартысынан көбін тазарту сол мекемеге жүктелген. Бірақ айналдырған алты техникасымен жұмысы өнбей, ештеңеге үлгермей отыр.

Жомарт Бақытгелді, Ақтөбе қалалық ТКШ және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

- Көптеген аумақтарда уақытылы қоқысты шығару мәселесі бар. Оларды шешу жолында жаңадан арнайы көліктер сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Осы тамыз айының аяғына дейді, қыркүйектің онына дейін 15 арнайы көлік жеткізіліп қоқыстарды шығарады.

Қоқыс мәселесін шешу үшін тарифті де екі жарым есеге көтерген еді. Бұрын адам басына 180-200 теңге төлесе, енді 417-450 теңге төлейді. Бірақ қызмет құны сапасына сай болмай отыр деп ашынады тұрғындар. Сондықтан қоқыс шығару кестесін нақтылап, коммуналдық мекемелерге талапты күшейту керек деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.