Атыраудың жаңа әкімі Шәкір Кейкін көгершіндерге жем шашуға тыйым салды
Атырау қаласына әкім болып тағайындалғанына 1 ай ғана болған Шәкір Кейкін көгершіндерге жем шашуға тиым салды. Шенеунік «құстар академик Қаныш Сәтбаев ескерткішін ластап, олардың саңғырығынан аяқ алып жүру мүмкін емес» - деп Фэйсбуктағы парақшасында күйініп, жазба қалдырыпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
15.08.2023
Осылайша тәртіп сақшыларына тапсырма берген әкім құстарға жем бермек түгілі, коммуналдық қызметтен алаңдағы көгершіндерді қуатын арнайы маманды қоюды талап етті. Ал бейбітшілік нышаны саналатын құсты тамақтандырған тұрғындар бұдан былай жазаланатын болады. Бірақ, оларға қандай шара қолданылатыны белгісіз. Ескерткіштерге сарып жүрген көгершіндерден коммуналдық қызметтегілер де шаршаған екен.
Күлайна Әжіғалиева, «Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкері:
- Жоқ дегенде 4-5 сағат уақытымыз кетеді осы жерге. Жеңіс саябағының ішіндегі батырларымызға қойылған ескерткіштеріміз бар.Сол демалатын жерлерге тұрғындар келіп жемдерін шашып осындай лас күйге түсіріп тұр. Каждый аптаның жаңағы сенбісінде жуатын едік. Қазіргі жазғы мезгілде 2 рет, 3 рет жууға тура келіп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!