{metadescription}
Алматыда үш баласын қараусыз қалдырған әйел ата –ана құқығынан айырылуы мүмкін
Алматыда үш баласын қараусыз қалдырған әйел ата –ана құқығынан айырылуы мүмкін

Алматыда үш баласын қараусыз қалдырған әйел ата –ана құқығынан айырылуы мүмкін

Алматыда үш баласын қараусыз қалдырған әйел ата –ана құқығынан айырылуы мүмкін. Құзырлы орган мамандары жалғызбасты келіншектің сәбилерімен 3 ай бұрын ғана Павлодар қаласынан көшіп келгенін айтады. Содан бері «қолайсыз отбасы» ретінде полиция есебінде тұрған. Кезекті тексеріске барған ювеналды полиция қызметкері балардың құлыптаулы үйде жалғыз қалғандарын естіп, құтқарушыларды шақырған. Адам шошырлық баспанада өмір сүрген кішкентайлар дереу «қиын өмір жағдайындағы балаларды қорғау орталығына» орналастырылыпты.


Тәртіп сақшылары қараусыз қалған 3 баланы баспанадан тапқан. Лас үйде олар анасымен тұрып келіпті. Тіпті үйдің алдында қоқыс үйіліп жатыр. Қазір қақпасы жабық тұр.

Мына видеодан жауапсыз ана мен үш баланың қуықтай бөлмеде өмір сүріп келгенін көріп, жұрттың жиіркенішін тудырды. Қоқыс пен балардың шығарылмаған нәжісі араласып жатыр. Сондағысы алып шаһарға көшіп келгендеріне небәрі үш ай ғана болыпты. Оған дейін Павлодар қаласында тұрған екен.

Әділбек Қозыбеков, Медеу аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы:

- «Қолайсыз жанұя» есебінде тұрған азаматша тексеріс барысында байланысқа шықпаған. 8 тамызда ювеналық бөлімі полиция барып, тексеріс барысында есігін ашпаған. Есігін тоқылдатқанда балалардың дауысы шыққан. Аталған орынға төтенше жағдай мен инспектор шақырылып, есікті күштеп бұзып кірген. Кірген жағдайда анасының мас күйде болғаны анықталды. Анасына қатысты Медеу аудандық полиция басқармасынан құжаттар жиналып, атааналық құқығынан айыру комиссиясына жүктелді.

Көшіп келгеніне көп болмаған әйелге қатысты көршілері де жатырып ештеңе айтпады. Тек бұл үй оның әпкесіне тиесілі екен. Баспананы баяғыдан жалға беріп келген. Содан бері үйінің сиқы қашып, есік алдынан қоқыс арылмаған дейді Ринат Исламов.

Ринат Исламов, Көршісі:

- Мұнда тұратын әйел мен оның балаларын аптасына 1 рет көрсек көрдік, көрмесек ол да жоқ. Естігеніміз бойынша, күйеуімен ажырасып кеткен, жалғызбасты келіншек. Балалары арагідік кешкісін ғана кішкене ойнауға шығатын. Үстібасына мән беріп қарамаппын. Бірақ, есік алдындағы қоқыстары үнемі жатады. Үйіне симағасын, сыртқа шығарып тастаған шығар деп ойлайтынбыз.

Қазір үш бала Алматыдағы «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қорғау орталығына» орналастырылған. Үлкені 7 жастағы қыз. Ортаншысы 5 жастағы ұл. Ал 3 жастағы кішкентайды тексеру кезінде аутизммен ауыратыны анықталыпты.

Нұргүл Елібаева, «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ директорының орынбасары:

- Осы орталықта істеп жүріп, біз қиын өмір жағдайындағы балалардың ауыр тағдырын, олардың түр сипатын көріп жүрсек те, енді осы жолы түскен балалардың түрлері сондай қорқынышты. Аянышты. Мүлдем әлеуметтік салаға бейімделмеген балалар екені көрініп тұр. Ең алдында олар сондай бір адам баласынан қорқатын, өмірге бейімделмегендері, кішкентай баланың өзі қасықты ұстап, дұрыс тамақ іше алмайтын күйде болды.

Маманның айтуынша, балалардың жағдайы бүгінде жақсы. Олар орталықта алты айға дейін бола алады. Егер анасы ата-ана құқығынан айырылар болса, жетімдер үйіне өткізілуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде