{metadescription}
Шымкентте мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Шымкентте мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Шымкентте мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Шымкентте мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға түскен.

Жол апаты түнгі сағат 3-те шаһардың орталығындағы Абай көшесінде болған. Жүйткіген Ямаха мотоциклі Опель Вектра маркалы көлігінің бүйірінен соққан. Соққының қатты болғаны сондай, екі техниканың да сау тамтығы жоқ. Мотоцикл тізгіндеген 28 жастағы азамат сол жерде жан тапсырса, жеңіл көліктің ішінде болған төрт адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Бағдәулет Оразбаев, Шымкент қалалық ПД аға инспекторы:

- Қазір аталған жәйт Шымкент қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы 3ші бөлігі бойынша тіркеді. Қажетті сараптама тағайындалды. Полиция оқиғаның мәнжайын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде