{metadescription}
Ақтөбелік шаруалар дизельдің құнын арзандатуды талап етіп отыр
Ақтөбелік шаруалар дизельдің құнын арзандатуды талап етіп отыр

Ақтөбелік шаруалар дизельдің құнын арзандатуды талап етіп отыр

Жеңілдігін көрмедік! Ақтөбелік шаруалар дизельдің құнын арзандатуды талап етіп отыр. Диқандарға арзан бағамен берілуі тиіс жанармайдың бағасы кез-келген бекетте сатылатын дизельмен бірдей деп ашынады.

Марлан Баймағанбетов, Ақтөбе фермерлік орталығы қауымдастығының төрағасы:

- Бүгінгі таңда ешкім әлі ешқандай жеңілдікпен 250 емес, 250ден төмен солярка алғанымыз жоқ. Смайыловтың айтқанына қанша уақыт өтті. Бірақ біздер оны сезінген жоқпыз. Әлі оған қолымыз жеткен жоқ. Шаруалар арпасын, басқа да дақылдарды жинап жатыр оңтүстік аудандарда. Солтүстік аудандар бастайын деп жатыр. Бірақ бізде әлі ешқандай былай айтқанда, реттеу механизімі қарастырылмаған, шешілмеген.

Ақтөбе облысында егінге орақ салу науқаны басталды. Шаруалар шығынның көбі дизельді отынға кететінін айтады. Қазір ауыл шаруашылығы үшін жеңілдетілген бағамен литрін 265 теңгеден сатып алып жатыр. Ең қызығы бекеттерде де осы бағаға кез келген адам дизельді отын сатып ала алады. Мемлекеттің көрсеткен қолдауын еш сезінбедік дейді шаруалар. Онымен қоса, көрші Ресейде дизельді отын бағасы 20-30 пайызға арзан. Қазір көбісі сол жақтан таситын болған. Құрғақшылық пен жанармай құнының шарықтауы елдегі егіншілерді тақырға отырғызады деп алаңдайды. Осыдан бес күн бұрын Үкімет басшысы жеңілдетілген дизельді отын құнын 250 теңгеден асырмауды тапсырған еді. Бірақ мұнай өңдейтін зауыттан отынды жеткізу құны мен қоймада сақтау жағы есепке алынбаған сыңайлы. Жергілікті биліктегілер баға орталықтан реттелсе, шаруаны бір жақты етер едік дейді.

Құсайын Сәрсенбаев, Ақтөбе облыстық ауыл шаурашылығы басқармасының басшысы:

- Үкімет басшысының тапсырғаны 250. Енді қазір 250ге сымайсыңдар 260 десе де біздер амал жоқ. Жұмыс істей береміз ғой. Оны енді шаруашылықтар аладыалмауы, қиын екенін білеміз. Шаруашылықтарға қиын екенін. Бірақ бізге конкретно(нақты?) механизм керек те бүгінгі күнге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде