{metadescription}
Мұнай компанияларының есебінен тегін оқи алады
Мұнай компанияларының есебінен тегін оқи алады

Мұнай компанияларының есебінен тегін оқи алады

Мұнай компанияларының есебінен тегін оқи алады. Елімізде толық емес және көпбалалы отбасылардың балаларына осындай мүмкіндік қарастырылып отыр. Арнайы заңнамаға енгізілген өзгерістер таяуда ғана күшіне енді.

Энергетика министрлігі мәлімдегендей, Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылар әлеуметтік осал топтардың оқу ақысын төлеп беруге заңнамамен міндеттелген екен. Биыл осы құжатқа өзгерістер енгізіліп, мамандықтар тізімі біршама кеңейтілді. Бұрындары тек қана мұнай-газ, экология мен IT саласы бойынша білім алу мүмкін болса, енді ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіптерді де игреуге болады. Өтінім беру үшін түлектер Энергетика министрлігінің қабылдау бөліміне немесе сайтта көрсетілген телефон нөмірлерге жүгінуі қажет. «Жоғарғы білімнен бөлек, техникалық-кәсіптік тәжірибеден өтуге де өтініш беруге болады. Ол үшін әлеуметтік осал топқа енетінін растайтын құжаттары болуы керек» - дейді жауапты ведосмтво өкілдері

Ақжол Оспанов, ҚР Энергетика министрлігінің «ҚР Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ Басқарушы директоры:

- Осал азаматтардың тізімі кеңейтілді. Ата анасының біреуі және екеуі мүгедек болған жағдайда. Болмаса, мүгедегі бар отбасыларды тәрбиелеп отырған азаматтар бар. Соларға да жер қойнауын пайдаланушылардан қаражат бөлінеді. Бұл жер қойнауын пайдаланушылардың міндеті өндірілген өнімдерден шығарылған өнімнің бір пайыз мөлшері міндеттелген. Биылғы тізімде біз ауыл шаруашылығы саласын кішкене қостық. Өндіріс жағынан, ғылыми зерттеулер бағыты бойынша.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде