{metadescription}
Қазақстанға келген әр турист орта есеппен мың жарым доллар көлемінде табыс әкеледі
Қазақстанға келген әр турист орта есеппен мың жарым доллар көлемінде табыс әкеледі

Қазақстанға келген әр турист орта есеппен мың жарым доллар көлемінде табыс әкеледі

Қазақстанға келген әр турист орта есеппен мың жарым доллар көлемінде табыс әкеледі. Яғни елімізге келуге ниет білдірген шетелдік мейман, жеті жүз мың теңге шамасында жұмсайды. Былтырғы жылдың дерегін Ұлттық банк жариялады. “Шетелдіктердің ел аумағындағы көрікті жерлер мен туристік орындарға деген қызығушылығы айтарлықтай артты”- деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігі.

Өткен жылдың өзінде елімізге алты жүз мыңнан астам шетел азаматы келген. Шетелдіктер де, өзіміздің туристер ең көп баратын орын - Іле Алатауы ұлттық саябағы. Бурабайдың тұмса табиғаты баурап алмай қоймады. Үздік үштікті көз тартар Көлсай көлдері түйіндеді. Олардан кейін туристерді Баянауыл мен Шарын шатқалы тамсандырды. Ал ең тартымды қалалардың көш басында Алматы тұр. Биылғы алғашқы төрт айдың ішінде оңтүстік астанаға миллионнан астам адам келген. Ал Астанаға 900 мыңнан аса туристің табаны тиді. Сондай-ақ Шымкент пен Каспий жағасындағы Атырау, Ақтау қалалары да туристер ат басын тірейтін қалалар қатарында. Шетелден келетін қонақтардың көбеюі бюджет бүйірін толтырып, қонақүй бизнесіне де қомақты қаржы әкеледі.

Нұртас Байларов, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті басқармасының бас сарапшысы:

- Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Нәтижесінде, туристік қызметтен түскен салық мөлшері 389 миллиард теңгеге дейін жетіп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Оның ішінде еліміздегі орналастыру орындарына 183 миллиард теңге табыс тапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде