{metadescription}
Қарағанды облысында төтенше жағдай!
Қарағанды облысында төтенше жағдай!

Қарағанды облысында төтенше жағдай!

Қарағанды облысында төтенше жағдай! «Қазақстан» шахтасында өрт шыққанда 227 кеншінің бесеуі жер астында қалып қойған. Өкінішке қарай, екі жұмысшының қаза тапқаны белгілі болды.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

- 222 кеншіні жер бетіне көтерді. Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа тағы да штаб өткіздік. Сол жерде топты басқарған басшы бізге баяндама берді. Қазір жұмыстарын жасап жатыр.

Осы оқиғаға қатысты жедел штаб құрылған. Төтенше жағдай туралы ақпарат диспетчерге таңертеңгі сағат 9 жарымда түскен. «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртенген. Төтеншеліктер қою қара түтіннен жер астындағы мамандарды алып шығу қиынға соққанын айтады. Мамандар кеншілерде өзін-өзі құтқару құрылғысы болған деп отыр. Алайда құрылғыдағы ауа шамамен 5-6 сағатқа ғана жетеді екен. Жалпы шахтада 227 жұмысшы болған. Ал құтқарылған 222 кеншінің алтауы ауруханаға жатқызылды. Екеуі жансақтау бөлімінде. Жер астындағы 3 адамнан хабар жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сәуле Смағұлова, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы:

- Жағдай бір қалыпты ауыр дәрежеде. 4 науқас Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде дәрігерлер қарап, бірінші көмегін беріп, қазір біздің ауруханаға ауыстыруға кіріседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде