Мектептерді жөндеуге және жаңасын тұрғызуға жемқорлардан тәркіленген қаражат жұмсалады
Мектептерді жөндеуге және жаңасын тұрғызуға жемқорлардан тәркіленген қаражат жұмсалады. Параның есебінен, еліміздің 16 өңірінде жаңа білім ошақтары бой көтеруде. Олардың басым бөлігі биылғы оқу жылында, қалғандары жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек.
Автор: Айғаным Достанбай
17.08.2023
Нақтырақ айтсақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоса алғанда 16 өңірде 76 мың оқушыға шақталған екі ауысымдық білім ошақтары биыл қолданысқа берілейін деп отыр. Олигархтардың шетелге заңсыз шығарылған қаражаттарын қайтару былтыр желтоқсан айынан басталған. Сол уақыттан бері арнайы қор 151 млрд 600 млн теңгеге толықты. Үкімет қайтарылған активтерді оқу-ағарту саласына жұмсауға пәрмен берген болатын. Соның арқасында үш ауысымды мектептердің саны азайып, апатты білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
- Министрлік қазіргі күні осы мектептердің құрылысына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге сәйкес, 15 мектеп құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін әкімдіктер барлық мектептердің құрылысын аяқтауы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!