{metadescription}
Гранитный кентінің тұрғындары елді мекеннен шыға берістегі жолды жауып тастады
Гранитный кентінің тұрғындары елді мекеннен шыға берістегі жолды жауып тастады

Гранитный кентінің тұрғындары елді мекеннен шыға берістегі жолды жауып тастады

Ақмола облысындағы Гранитный кентінің тұрғындары таң ертемен елді мекеннен шыға берістегі жолды жауып тастады. Бұл тоғыз жолдың торабы - маңайдағы бірнеше кенішке апарады. «Сол қиыршық тас өндіретін кәсіпорындардан зулаған жүк көліктері онсыз да ой шұқыры көп жолдарды тас талқан етті», - деп ашулы. Жолды кес-кестеген жұрт «Камаздарды» өткізбей, аудан мен облыс басшысын осылайша мәселеге назар аудартпақшы болды.

Жолдары ойдым-ойдым болып, жүк көліктерінің шаңына тұншыққан тұрғындар осылайша әкім қаралардың назарын аударсақ дейді.Олар бұған дейін талай құзырлы орындардың табалдырығын тоздырған. Нәтиже болмапты.

«Біздің көрген қиыншылығымызға бірде бір басшы құлақ салмай отыр», - дейді тұрғындар. Жолды жабуға жұрт таңертең жұмыс күні басталысымен шыққан. Осы маңда тас та, алтын да өндіріледі. Басқаға емес, олар жан жақтан ағылған кен артқан жүк көліктеріне қарсылық білдіріп жолдан өткізбеді.

Өмірбек Әубәкіров, Гранитный кентінің тұрғыны:

- Мына жерлерден қиыршық тас, мына жақта алтын. Ал жолдың түрі мынау. Күні болсын, түні болсын машиналар ауыр жүк көлігі, шамадан тыс жүктеме бүкіл жолды езіп тастады. Ешқандай жолды гредирит етпейді, түземейді, подсыпка ештеңе жасамайды. Көлікпен түгілі, жаяу адам жүру қиын болып тұр.

500 ге жуық тұрғыны бар кент облыс орталығынан небәрі 25 шақырым жерде. Жолдың нашарлығынан қаладан қатынайтын автобус та жиі қирап, таксидегілер Гранитныйға 3 мың теңге төлесең ғана барады екен. Соңғы рет бұл жол 2005-ші жылы жөнделіп, асфальт төселген екен. Қазір одан түк те қалмапты. Бірақ, бұл мәселе жуық арада шешілмейтін сыңайлы.

Жеңіс Башаров, Қоныспай ауылдық округінің әкімі:

- Жақында үлкен жиын болады деп жоспарланып отыр. Кеніш иелеріне жолды ретке келтіру туралы ұсыныс жасаймыз. Болмаса, басқа балама жол іздеңдер дейміз. Бюджеттен биылға бұл жолды жөндеуге қаражат қарастырылмаған. Әкімдік сметалық құжат жасап, есептеп тек содан кейін қана қаражат қарастырылады.

Мына бұрқыраған қара шаң «Камаз» көліктері ауыл ортасынан өткенде, аспанға көтеріледі екен. Тұрғындар аптап ыстықта терезе де аша алмаймыз деп отыр. Бүгінгі жұрттың жолды жапқан қарсылығы кеніштегілерге де кедергі келтірді.

Серік Нүрпейісов, серіктестік өкілі:

- Иә, бүгінгі мына жағдайдан кейін кеніштегі жұмыс тоқтап қалды. Біз жолды реттеу үшін инерттік материал беруге әзірміз. Бірақ бізде оны жайып төсейтін техника жоқ. Тұрғындарға айтқанбыз кездесуде. Әкімдермен сөйлескен жоқпыз.

Тұрғындар талаптарымыз жақын арада орындалмаса, наразылық шарасын қайталаймыз, деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде