{metadescription}
Баспана құнын толық төлесек те басыбүтін өзіміздікі дей алмай отырмыз!
Баспана құнын толық төлесек те басыбүтін өзіміздікі дей алмай отырмыз!

Баспана құнын толық төлесек те басыбүтін өзіміздікі дей алмай отырмыз!

Баспана құнын толық төлесек те басыбүтін өзіміздікі дей алмай отырмыз! Елордада басы даудан арылмаған G-park компаниясының салымшылары бүгін тағы бас көтерді.

Жадыра Саттарова, салымшы:

- Күнде келеміз. Жаттап алдық сылтауларын. Шаршап кеттік. Кәдімгідей біздерді сендіру үшін список жасады, 3 майдан 31 майға дейін, 31 тамызға дейін міндетті түрде аласыздар деп. Енді міне бізде чат бар, 600дей адам отыр ақшасын ала алмаған.

Құрылыс компаниясының орталық кеңсесін торуылдаған бір топ үлескер 2 жылдан бері баспаналарын ала алмай дал. Үміттері үзілген жұрт енді үйді қойып, ақшаларын жаппай қайтарып беруді талап етуде. Суицид жасаймыз деп сес көрсетіп, салғырттығын осылай әшкере еткендерге ғана жауапты мекеме ақшаны біртіндеп беріп жатыр , -дейді. Ашуға булыққан халыққа мән-жайды түсіндірмекке соңғы кезде компания өкілдері шықпайтын да көрінеді. G-park-тен ақшасын қайтара алмай жүрген 600дей адам мәселеге құзырлы органдардың араласуын сұрап отыр.

Дәулет Досқұлов, Астана қаласы "Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ басшысы:

- Екі айдың ішінде G-park компаниясына тиесілі тұрғын үй кешендерінің құжаттары дайын болуы тиіс. Содан кейін ғана компанияның құрылыс бастауына ресми рұқсат етіледі. Атап айтқанда, бұл Вашингтон, Мадрид3, Лиссабон, Женева, Женева 4 кешендері. Бұған дейін 8 тұрғын-үй кешеніндегі заң бұзушылықтар бойынша G-park-ке айыппұл салынған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде