{metadescription}
Қазақстанда қымыз бағасы қымбаттады
Қазақстанда қымыз бағасы қымбаттады

Қазақстанда қымыз бағасы қымбаттады

Қазақстанда қымыз бағасы қымбаттады. Былтырғымен салыстырғанда бірден 21 пайызға өскен. Қазіргі уақытта ұлттық сусынның бір литрі шамамен мың жарым теңгеден сатылып жатыр.

Жыл басынан бері елімізде 1 тоннадан астам қымыз өндірілген. Бұл, 2022 жылдың қаңтар – маусым айларымен салыстырғанда 56 пайызға көп. Жалпы 2017 жылдан бері бие сүтінің өніміне деген сұраныс артып, өсу динамикасы 47,4 % құрады. Мәселен, осыдан 6 жыл бұрын шаруалар 26 мың тонна бие сүті сауылғаны жөнінде есеп берсе, былтыр ол статистика 30 мың тоннаға жуықтады. Өңірлер арасында Түркістан мен Қарағанды облысы қымыз өндіру бойынша көш басында тұр. Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше 2022 жылдың сәуір-маусым айларымен салыстырғанда биылғы қымыз бағасы 20,5% қымбаттаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде