{metadescription}
Алматыда жолды жөндеудің кесірінен дәмхана мен емдеу орталығы табысынан қағылды
Алматыда жолды жөндеудің кесірінен дәмхана мен емдеу орталығы табысынан қағылды

Алматыда жолды жөндеудің кесірінен дәмхана мен емдеу орталығы табысынан қағылды

Жөндеудің кесірінен табыстан қағылдық! Алматының қақ ортасында орналасқан дәмхана мен емдеу орталығы әкімдіктің көлік тұрағын жауып тастағанына шағымданды. Айтуларынша, жолды жөндеп жатқан мердігер компания бұрынғы тұрақтың орнын жаяу жүргіншілер жолына айналдырған. Салдарынан адам аяғы үзілді дегендерге әкімдіктегілердің айтары бар ма?

Апта бұрын Абай көшесінде басталған жөндеу жұмысы осы маңдағы ғимарат иелерінің бас ауруына айналған. Өйткені, жолдың астан-кестені шығып, көлік тұрағын жоқ қылған. Соның кесірінен емхана мен мейрамханаға келетін адам саны азайғанын айтады. Мәселенің шешімін іздеп әкімдікке барғанмен, мардымды жауап алмадық дейді. Тұрақты қайтадан қалпына келтірмесе мүмкіндігі шектеулі науқастардың өтуі қиындайды екен.

Ербол Дүйсебаев, Тіс емдеу орталығының маманы:

- Бізге бұл жерде жедел жәрдем кіреді. Каталкамен заезд болу керек. Оны жауып тастамақшы бізге. Бордюр жасаса болады ғой. Кармашек бос қалады. Қанша адам жұмыс істеп жатырмыз. Солармен келісіп жасауға болады ғой.

Ұлтарақтай жерде туындаған қолайсыздық басқа нысандарға да салқынын тигізбей қоймайын деп тұр. Тіпті, мына мейрамханадан дәм тататын қарашаның қарасы да үзілген. Тұрақтың жоқтығынан, көпшілігі тұрақтамай кетеді.

Мақсат Қуанышбек, мейрамхана қызметкері:

- Яғни бізге келетін қонақтарға көлік тұрақтылығы шектеулі болып жатыр. Жолдың шетіне қойылып жатыр көліктердің барлығы. Әрине! Ол біз үшін өте маңызды. Ол бізге ғана емес, жұмыс істейтін кісілерге, кәсіпкерлердің бәріне ол өте маңызды.

Әкімдіктегілердің айтуынша, даурығуға себеп жоқ. Бұл уақытша ғана қолайсыздық деп шағымданғандарды сабырға шақырды. Жүргінші жолында тұрған үлкен гүлзарды жылжытқан соң жолды ашып, кеткен ақауды қалпына келтіреміз деп сендірді.

Нұрзат Ордабаев, Алматы қалалық мобилділік басқармасының бөлім басшысы:

- Жаяу жүргіншілер аймағы гүл құмыра жолдың ортасында тұрмасын деп, ішіне алып тастадық. А бірақ ана жерді қалыпқа келтірейік деп жатырмыз. Біз олай жаппай дұрыс кемшіліктерін келтіріп, қалай керек өз қалпына келтірейік деп жатырмыз. Қазір енді кеше кәсіпкерлермен сөйлесіп, бір келісімге шештік. Қазір қалай оларға да ыңғайлы нәрсесін жасап, сөйтіп кетейік деп жатырмыз.

Атқамінерлер айтқан сөзінде тұрса бүгін-ертең дау болған көлік тұрағы қайта қалпына келеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға да ыңғайлы өткел жасап береміз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.