{metadescription}
Елімізде футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтуі мүмкін
Елімізде футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтуі мүмкін

Елімізде футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтуі мүмкін

Көк тиын да жұмсамаймыз. Қазақстан футбол федерациясы жастар арасында Еуропа чемпионатын өткізуге ешқандай да қосымша қаражат жұмсалмайды деп отыр. «Шығынның басым бөлігін УЕФА өтейтін болғандықтан, біз өз тарапымыздан Алматы мен Шымкент қалаларынан спорт алаңдарын ғана ұсынамыз» - дейді федерацияның ресми өкілі.

Мұратбек Биманов, Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы:

- Қазақстан футболын дамыту, Қазақстан футбол федерациясының басты ұстанымдарының бірі, стратгеиясында жазылған. Ал осы жасөспірімдер футболы, балалар футболының ең жоғарғы деңгейі және ол ұлттық құрамаға беретін қадам. Финалдық турнирге келетін болсақ, бұл жерде енді ең бастысы УЕФА ұйымдастырушы. Бұл негізі УЕФАның турнирі. Біз тек қабылдаушы елміз. Сондықтан, шығындардың басым бөлігін УЕФА өтейді, және де қатысушы командалар өз шығындарын өздері өтейді.

Қазақстан футбол федерациясы жастар арасындағы Еуропа чемпионатын өткізуге өтінімді шілдеде жолдаған. Түпкілікті жауабы қыркүйек айында белгілі болмақ. Егер УЕФА келісімін беретін болса, 2026-2027 жылдары Алматы мен Шымкент қалаларында футболдан финалдық турнирлер өтеді. Дегенмен, әлемдік деңгейдегі доданың болғаннан, боладысы қызық болайын деп тұр. Талап бойынша жарыстар өткізілетін қалаларда екі стадионнан болуы қажет екен. Спорт сарапшылары осындай ауқымды деңгейдегі жарыстарды қабылдауға Қазақстанға үлкен дайындық керек деп есептейді. Себебі басты кедергі спорт инфрақұрылымдарының тапшылығы. Болған күннің өзінде, біздің стадиондар халықаралық талаптарға сай емес.

Аслан Қаженов, спорт сарапшысы:

- Негізгі мәселе инфрақұрылымға қатысты. Егер бізде инфрақұрылым болатын болса, халықаралық талаптарға сай, жарысты қабылдай алатын. Еуропа чемпионатын қабылдаудың өзі мемлекетке қатты салмақ салмайды. Бюджетке үлкен шығын болмайды деп ойлаймын. Негізгі шығын стадиондарға қатысты. Егер біз осыны өткізіп жатсақ, екі жағынан да қарауға болады. Бізде инфрақұрылым мәселесі шешілетін еді. Ерікті, мәжбүрлі түрлде біз қысқа уақытта салуға тырысатын едік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.