{metadescription}
«Лакшми Митталмен қоштасатын уақыт жетті!»
«Лакшми Митталмен қоштасатын уақыт жетті!»

«Лакшми Митталмен қоштасатын уақыт жетті!»

«Лакшми Митталмен қоштасатын уақыт жетті!» Мәжіліс депуттары бүгін әлеуметтік желідегі парақшаларында бірауыздан бірінен кейін бірі осындай мазмұнда мәлімдеме жасап жатыр.

Мәжілісмен Нартай Аралбайұлының айтуынша, компания басшылығы опат болған қазақстандықтар үшін уайымдап, қайғы жұтып жүрген жоқ. Осы уақытқа дейін де шахталарда қаншама қайғылы жағдай болса да, олардың мұртын балта шаппаған. Ал Ерлан Саиров пен Құдайберген Бексұлтанов «үндістандық Лакшми Митталды Қазақстанға экстрадициялап, соттаудан басқа амал қалмады» деп отыр. Әріптестерінің пікірін Снежанна Имашева мен Никита Шаталов та қолдаған. Жалпы 2010 жылдан бері Арселлор Миттал Теміртау шахтасында 26 апатты жағдай тіркелген. 47 адам түрлі жарақат алған, ал 17 отбасы қара жамылып, асыраушысынан айрылған. Мемлекет тарапынан жасалған жүздеген ескертуді құлағына қыстырмаған Арселлор Митталдың бірінші төрағасы мен топ-менеджерлері қазір шетелде. Айта кетейік, көмір кеніштеріндегі жабдықтардың жай-күйі мен өндірістегі жұмысшылардың бейберекет қысқартылуына байланысты Қазақстан тарапынан бірнеше мәрте ескерту жасалған.

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:

- Мынау Арселор Митталдың ортанқолды азаматтары емес, ең негізгі құрылтайшылары жауап беруі тиіс. Сотталуы керек. Екінші мәселе ҚР Конституциясында Қазақстанның ең негізгі байлығы адам және адамның өмірі деп айтылған. Сондықтан бұл компанияны Қазақстаннан аластату керек. 30 жылдың ішінде олигархтар ойына не келсе соны істеді ғой. Мысалы, қазір сол компанияның құрылтайшыларын жауапқа тарту қиын.

Нартай Аралбайұлы, Мәжіліс депутаты:

- Дәл осы «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясына қатысты шахталарда орын алған апаттар әбден қоғамның қытығына тиді десек болады. Өйткені ресми деректерге қарасақ соңғы 14 айдың ішінде 13 азаматымыз дәл осы Арселлор Миттал Теміртаудың өнеркәсіп орындарында көз жұмған. Бұл дегеніміз аталған компанияның өнеркәсіп орындарында қарапайым өндіріс қауіпсіздігі сақталмайды дегенді білдіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде