{metadescription}
Бөлінген қаражат жеткіліксіз
Бөлінген қаражат жеткіліксіз

Бөлінген қаражат жеткіліксіз

Бөлінген қаражат жеткіліксіз. Екібастұз қаласының әкімі шаһардағы жылыту маусымының дайындығына бөлінген 20 млрд теңгені азсынып отыр. Қала басшысының сөзінше, бұл қаражат биылғы жөндеу жұмыстарына ғана жеткілікті. Ал жылу желілерін толықтай жаңарту үшін жыл сайын кемі 3-тен 9 млрд теңгеге дейін қаржы құйып отыру керек. Себебі жылу желілерінің 90 пайызы тозған.

Өткен жылы қыстың басындағы Екібастұздағы жағдайды әзір ешкім ұмыта қойған жоқ. Қазір шаһардың ішінде мынадай топырақ үйінділерінен аяқ алып жүру қиындаған. Бірнеше жылдан бері тозығы жетіп, өңі қашқан құбырлардың көзін құртып, су жаңасына айырбастап жатыр. «Бірақ бұл жеткіліксіз» дейді қала әкімі. Былтырғыдай апатты жағдайлар қайталанбауы үшін, бір жылдық жөндеу жұмыстарымен шектелу мүмкін емес. Жыл сайын кемі 5-9 млрд теңге қаражатты керек етеді.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

- Енді жылдан жылға жаңа сметалық құжаттар дайындалады. Жыл сайын құбыр, темір, жөндеу жұмыстарының бағасы өзгеріп жатыр. Сондықтан жобаның құнын қарастырамыз. Бірақ жыл сайын шамамен (жылу желісін ауыстыруға) аз дегенде жөндеуге 59 млрд теңге керек. Биыл кварталішілік жылу желілерін жаңғыртуға, гидравикалық сынақтарға Павлодар облысының бюджетінен 3 млрд теңге бөлінді. Жалпы жыл сайын бұл жұмысқа 3-4 млрд теңге керек.

Энергетика министрі жазғы демалысын өзге шенеуніктер секілді шетелдің қымбат курорттарында емес, еліміздегі азып-тозып тұрған жылу электр орталықтарын аралаумен өткізуіне тура келуде. Президент жылыту маусымына дейін жөндеу жұмыстарын 100 пайыз аяқтауға пәрмен берген. Ал 1 қазанға дейін екі айдан аз уақыт қалды. Алмасадам Сәтқалиев Екібастұздағы жылыту нысанына арнайы барып, ондағы жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысты.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Еліміздің энергонысандарының жылу маусымына дайындығын бағаладық. Әзірлік деңгейін үш категорияға бөлдік. Бірінші топқа дайындығы 70% болатын жылу электр станцияларын жатқызамыз. Солардың қатарында Екібастұздағы орталық бар. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарының тең жартысы аяқталды. Қорқыныш жоқ.

Стартегиялық нысанның 10 қазандығы жөнделіп жатыр. Қазір екеуінде жұмыстар толығымен аяқталған. Жылыту маусымы басталғанға дейін тағы біреуі іске қосылмақ. Осы үш қазандық Екібастұз үйлерін қыз-қыз қайнатуға әбден жеткілікті дейді әкім. Биттің қабындай қаңылтыр құбырларды толықтай ауыстырмайынша, қаланың кей тұстарында апаттар болуы ықтимыл. Бірақ тап былтырғыдай төтенше жағдай биыл қайталанбайтынына сенімді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

- Былтырғы апат болмайды деп те уәде бере аламыз. Әрине, (Екібастұздағы) жылу желісі 90%дан асқандықтан кейбір ауланың немесе қаланың ішінде құбыр жарылуы мүмкін. Бірақ былтырғыдай көпқабатты үйлерде 10 күн немесе 2 аптаға жылу бермей қалатындай жағдай болмайды деп сенемін. Оған күмәнім жоқ әрі кепілдік бере аламын.

Жалпы жөндеу жұмыстарына бөлінген 20 млрд теңгенің 40-45 пайызы Үкіметтің резервінен. Ал қалғаны Клебанов бастаған акционерлердің есебінен. Клебанов демекші, олигархтың тағы бірнеше млрд-қа қалтасы қағылатын түрі бар. Оның иелігіндегі Петропавлдағы  екінші жылу электр орталығынан пайдалануға берілмей жатып, ақау шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде