{metadescription}
Петропавлда алдағы қыста 3 мұржаның орнына екеуін ғана іске қосатын болған
Петропавлда алдағы қыста 3 мұржаның орнына екеуін ғана іске қосатын болған

Петропавлда алдағы қыста 3 мұржаның орнына екеуін ғана іске қосатын болған

Петропавлда алдағы қыста 3 мұржаның орнына екеуін ғана іске қосатын болған. Соған қарамастан, мамандар солтүстіктің сақылдаған сары аязына сақадай сай дайынбыз деп отыр.

Биыл міне, екінші жыл Петропавл жылу электр орталығындағы құлаған мұржаны қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр. Естеріңізде болса, бетон мұржа опырылып қазандық үстіне құлағанда бір адам мерт болды. Қақаған қыста қала бірнеше тәулік жылусыз қалған. Содан жанталасып қалған екі мұржамен қазандықты іске қосқан еді.Ал ортан белден опырылған мұржаны жаңадан салуға тура келді. Қазір 2 миллиард теңгеге құрылыс жұмысы жүріп жатқанымен, жаңа нысанның толық қарқынмен іске қосылатын түрі жоқ .Оның үстіне орта жолға жеткенде конструкция тағы қисайып, жұмысы кідіріп қалған. Бірақ, энергетиктар бұдан ешқандай кедергі келмейді деп отыр. Қалған екі мұржаға қосылған 11 қазандық Петропавлды алдағы қыстан аман алып шығатынына сенімді.

Дмитрий Захаров, Петропавл қалалық ЖЭО-2 директоры:

- Бұл екі мұржа да толық тексерілді. Тексеріс қорытындысы нысанның жағдайын қанағаттанарлық деп көрсетті. Мұржаның ішкі жағын сылап, түтін шығатын ұшар басына шойыннан қақпақ жасалды. Қазандық агрегаттары қалай дайын болса, екі мұржа да дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде