{metadescription}
Алматыда жанар-жағармай құю бекеттеріне қатысты екі жүзден астам заң бұзушылық анықталды
Алматыда жанар-жағармай құю бекеттеріне қатысты екі жүзден астам заң бұзушылық анықталды

Алматыда жанар-жағармай құю бекеттеріне қатысты екі жүзден астам заң бұзушылық анықталды

Алматыда жанар-жағармай құю бекеттеріне қатысты екі жүзден астам заң бұзушылық анықталды. Бұл төтеншеліктер жүргізген тексеріс кезінде белгілі болғаны ғана. Отызға жуығы өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Қала берді орналасқан жерінің өзі дұрыс емес. Көбісі тұрғын үйлерге, әкімшілік ғимараттарына, оқу ордаларына жақын тұр. Халықтың өміріне қауіп төндіріп тұрған бекет иелеріне қолданар шара қандай?

Биыл төтеншеліктер жанар-жағармай құю станцияларына тексеріс жүргізуді ерте бастапты. Оған Дағыстанда үш күн бұрын ғана болған қайғылы жағдай себеп. Жалпы алып шаһарда 211 бекет бар. Көбісі дәл осылай қаланың қақ ортасында, тұрғын үйлер мен дүкендердің жанында орналасқан. Мамандар көбісінің есеп бойынша талапқа сай емес екенін айтады.

Арман Мәкенов, Жетісу ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

- Арақашықтықтың сақталмауы көбіне қоғамдық ғимараттар үшін 12 метрдан 18 метр арақашықтық болу керек. Ал адамдардың көп шоғырлануы мен тұрғын үйлерге дейін 50 метрге дейін арақашықтық сақталуы қажет. Сонымен қатар, тұрғындарымыз көбіне автогаз құю бекеттерінде өздерінің тұрмыстық газ балондарын толтырып жататын фактілер көзімізді шалып жатады. Ол да өте қатаң тыйым салынады.

Соңғы рейд барысында құтқарушылар екі жүзден астам заң бұзушылықты анықтапты. Оның отызға жуығы сынақтан сүрінген. Тіпті көбісінде қарапайым өрт сөндіруге қажетті құрал да жоқ болып шыққан. Ескертуді елемегендер айыппұлмен ғана құтылмайды. 

Еркебұлан Жұматаев, Алматы қалалық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:

- Негізінен жанаржағармай құю бекеттері автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталуы тиіс. Егер қандай да бір өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталмаса, оны қалыпқа келтіру үшін біршама уақыт беріледі. Артынан қайта тексерістен өткізіледі. Егер орындамаса әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданады.

Мамандардың бұлай дабыл қағуына негіз бар. Үш күн бұрын Дағыстандағы қайғылы жағдай біздегі де дәл осы мәселені қаузайды. Махачкала қаласындағы жарылысқа сондағы жанармай құю станциясының қауіпсіздік шарасын сақтамағандығы себеп. Яғни бекетті автобөлшек нысанына жақындатып салу салдарынан болды деген болжамдар айтылуда. Ал біздегі бекеттерге төтенше жағдай департаменті мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ғана тексеріс жүргізе алады.

Асхат Сәдуов, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры:

- Арақашықтық әсіресе жерасты қоймалардан, автоцистерналардан алшақ болуы тиіс. Қандай да бір заңбұзушылықтар бойынша шағымдарды Төтенше жағдай департаменті мен мемлекеттік сәулетқұрылыс бақылау басқармасына жіберуге болады. Сондай-ақ, жанар-жағармай құю станциясы мен тұрғын үйлер немесе әкімшілік ғимараттардың тығыз орналасуына байланысты да заңсыздықтар орын алса, бұл жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ұйғарым береді.

Жанар–жағармай құю бекеттеріне тексеріс жылына бір рет жүргізіліп отырады. Тұрғындардың да шағымын ескереміз деген мамандар заңбұзушылықтар болса, жоспардан тыс та рейдке шығады екен. Тіпті сүруге қатысты да бұйрық шығару өздерінің құзырында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде