{metadescription}
Ақтөбе облысының фермерлері үшін дизельді отын құны 15 теңгеге арзандады
Ақтөбе облысының фермерлері үшін дизельді отын құны 15 теңгеге арзандады

Ақтөбе облысының фермерлері үшін дизельді отын құны 15 теңгеге арзандады

Ақтөбе облысының фермерлері үшін дизельді отын құны 15 теңгеге арзандады. Ала жаздай жанармай бағасын түсіруді сұрап шаршаған шаруалар бұған да шүкіршілік етіп жатыр.

Диқаншылар үшін дизельді отын жеңілдетілген бағамен литріне 265 теңгеде сатылып келді. Бірақ мұның еркін саудадағы құнынан еш айырмашылығы болмады. Оның қасында, көрші Ресейде 20-30 пайызға дизель арзан. Осыған байланысты бірер күн бұрын ақтөбелік фермерлер жеңілдетілген жанармайдың еш рақатын көрмедік деп өкпе-реніштерін айтқан-ды. Наразылықтары Үкіметке дейін жетіп, премьер-министр дизель бағасын 250 теңгеден асырмауға пәрмен берді. Енді ақтөбелік шенеуніктер 15 теңгеге арзандатқанымызды қанағат тұтыңдар деп отыр.

Батырбек Шамилов, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

- Комиссияның шешімі бойынша облыс көлемінде шаруашылықтарға дизель отынын жіберу бағасы 250 теңге литріне болып белгіленді. Және оператордың Қобда, Мәртөк және Қарабұтақ елді мекендерінде орналасқан жанар жағармай құю бекеттерінен сол 250 теңгемен жіберілетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде