Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар проблемаларға тоқталды. Мәселен, мемлекет басшысы жақында өрт шыққан «Ақкент» ақшам ауданын мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуалды сынға алды. Мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту үшін көлік қозғалысын реттеп, электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажеттігіне де тоқталды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
18.08.2023
Сондай-ақ, президент селден қорғайтын «Аюсай» бөгетіне барды. Биыл бірінші маусымда пайдалануға берілген бөгетпен танысты. Ол Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан. Сел қаупі бар 98 учаске, 89 мұздық, 20 мұзды көл бар. Бөгет сел жүру қаупін барынша азайтып, 500 мыңнан астам халық пен 2 мыңға жуық нысанның табиғат апатынан қорғалуын қамтамасыз етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев селден қорғау шараларын жүргізуі маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Алматы тұрғындарының қауіпсіздігімен байланысты ғой бұл жұмыс. Сондықтан, 500 ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Оларға сәлем айтыңыз. Жұмыстарыңыз табысты болсын! Акимат должен контралировать все это.
Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
- Алдағы 3 жылда біз цифрландыруды айтарлықтай нығайтып, толықтай жүзеге асырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!