{metadescription}
Биыл 28 мыңнан аса студент жатақханасыз қалуы мүмкін
Биыл 28 мыңнан аса студент жатақханасыз қалуы мүмкін

Биыл 28 мыңнан аса студент жатақханасыз қалуы мүмкін

Биыл 28 мыңнан аса студент жатақханасыз қалуы мүмкін. Орын әсіресе Алматы мен Астана қаласында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Абай, Түркістан облысында тапшы. Ал пәтер жалдау ақысы әдеттегідей осы кезде шарықтап, студенттерді сарсаңға салатыны тағы бар. Оқу орындарының әзірлігі де көңіл көншітпей тұр.

Елордада 15 мыңнан астам орын тапшылығы бар. Бұл мәселені 15 маңдайалды оқу ордасы шешеміз деп отыр. Егер талапкерлер қаладағы 53 жатақханаға сыймаса, онда меморандум арқылы қосымша орын тауып береміз деп сендірді.

Әзірге жауапты министрлік Астанадағы 30-ға жуық хостелмен келісімшарт жасасты. Жатақхана тапшылығы 3 мың орынға азайып отыр. Биыл грант иегерлерінің саны едәуір көп, олардың елордаға ағылатыны да белгілі. Бұл қатарда ақылы оқуға түскендер де бар. Демек меморандум аясындағы бұл жұмыстар толық сұранысты өтей алмай жатыр.

Аружан Бақытова, Астана қаласы бойынша студенттік омбудсмен:

- Аграрлық университеттің өзі 4 инвестормен меморандумға отырып, оқу жылының басына дейін 4 жатақхананы іске қосып жатыр. Қазіргі уақытта әкімдіктің инвесторлар фронт офисінің жұмыстарымен 1658 адамдық жатақханалар іске қосылайын деп жатыр. Меморандумға отырған күннің өзінде жатақхана жетіспеушілігі проблемалары бар.

Білім іздеп, құжаттарын қолтығына қысып келген студенттер сенделіп далада қалмас үшін білім ордалары әйтеуір қонып шығатын орындар дайындап қойыпты. «Ахуал орталығы» паналайтын жер таппай қалғандар үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.

Мерей Шаменов, Университеттің студенттер үйлері дирекциясының директоры:

- Бұл орталық яғни әр студент үшін бір күнге рұқсат берілген. Бұл жерде университетке құжаттарын тапсырып біткенше осы жерде 1 түн қонып шығуға жағдай жасалған. Біз енді қазіргі таңда тапсырыс бойынша 10 адамға орын дайындап отырмыз. 5 қыз, 5 ұлға деп 10 адамға ахуалдық орталықтың орындары дайын.

Құжатыңды тапсырып, ахуал орталығында қонып шыққасын үй іздеуіңе тура келеді. Ал жатақханадағы орын жетіспеушілігін пәтерлерін жалға берушілер пайдасына асырып жатыр. Университет маңындағы үйлер қазірдің өзінде әдеттегі бағадан 20-30 мың теңгеге қымбат жалға берілуде.

Жұпар Сағидулина, риелтор:

- Әсіресе, міне студенттердің ағылып келуіне байланысты осы тамызқыркүйек айларыңда, көбінесе пәтердің бағасы өседі. Орташа есеппен алатын болса 120 мың пәтері ол 150 мың 160 мыңға дейін өседі. Ауданға байланысты, Астанада бірнеше аудан бар ғой, міне ол жаңағы Есіл, Нұра аудандарында пәтер жалдау өте қол жетімсіз студенттер үшін.

Ғылым және жоғары білім министрлігі барлық студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мүмкін емес дейді. Жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттер саны 134 мың болса, соның 106 мыңы жатын орынмен қамтылады екен. Ал қалғанына хостелдер мен қонақүйлерде орын ұсынылады.

Ақерке Абылайхан, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі болжам бойынша бізде Республика бойынша 28 мың орынға тапшылық болады деген болжам жасап отырмыз. Оның ішінде ең үлкен қажеттілік Алматы қаласында болады деген болжам бар. Хостелдардың әрі қарай да саны артуы мүмкін. Сондықтан бұл бағытта жұмыс, қатып қалған сан жоқ, әрі қарай бұл сан өзгеруі мүмкін. Сосын кейбір жастар үй жалдап, пәтер жалдап тұрамыз деген балалар мен студенттер бар. Сондықтан құжаттар қазір жатақханадан орын беру үшін құжаттар әлі қабылдану үстінде.

1 қыркүйектен бастап «Білім туралы» заңның аясында барлық білім алушылар жатақханалардағы орынмен қамтылуы етілуі тиіс. Оған оқу орындары жауапты болады. Айта кетейік, мұның алдында тек мемлекеттік грант иегерлеріне ғана жатақханадан орын бұйыратын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.