{metadescription}
Қарағанды облысындағы Қазақстан шахтасында қаза тапқан кеншілерді бүгін жер қойнына берілді
Қарағанды облысындағы Қазақстан шахтасында қаза тапқан кеншілерді бүгін жер қойнына берілді

Қарағанды облысындағы Қазақстан шахтасында қаза тапқан кеншілерді бүгін жер қойнына берілді

Қарағанды облысындағы Қазақстан шахтасында қаза тапқан Виктор Бургун мен Виталий Слюньков бүгін жер қойнына берілді. Өлі денесі ең бірінші табылған Денис Стешин кеше жерленген. Соңғы екі кеншімен қоштасу рәсімі ертеңге жоспарланған. Ал шахтадағы өртті сөндіру қиындай түсіпті. Өйткені тілсіз жау лентадан көмірге тиіп, күш бермей кеткен. Сондықтан өрттің себептерін анықтауға жасақталған арнайы комиссия жұмыстарын бастай алмай отыр.

39 жылын жер асты еңбегіне арнаған, 58 жастағы Виктор Бургунды шығарып салуға келгендердің қарасы қалың. Асыл әке мен аяулы жер деп жылаған отбасы мүшелері есеңгіреп жүр. Білікті маманды жоғалттық деген әріптестері де қабырғалары қайысып тұр.

Нұржан Райымбеков, марқұмның әріптесі:

- Әр уақытта бірдеңе тосады ғой осылай, бірдеңе болғаннан кейін ғана басталады жұмыстың бәрі. Баяғыда Ленин шахтасында жиырма адамдай қайтыс болған кезде асфальт та салынды, свет те істелінді деген сияқты. Болмай ақ қойсын ондай енді алдын ала істесін, біздің депутаттар бар.

Қаралы жиынға әкім қаралар мен депутаттар да келген. Айтуларынша «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының құрғақ уәдесі елді шаршатқан. Компанияға қарасты шахталардың бәрінде заманауи құрылғылар сөз жүзінде ғана жаңарып жатыр дейді.

Құдайберген Бексұлтанов, Мәжіліс депутаты:

- Олар өздерінше алдайды, ылғи алдайды. Бес жылдық жоспар бар, 3 жылдық жоспар бар, біреуі орындалған жоқ. Ең құрымаса бес жылдық жоспардың 30 пайызын да орындаған жоқ. Мынаны алдын аламыз ешқандай қауіп болмайды, өйтіп жатырмыз бүйтіп жатырмыз деп көзімізді алдап жәй бірдеңе бере салады. Ал нақты орындалып жатқан ештеңе жоқ.

59 жастағы Виталий Слюньков та шахтада 39 жыл еңбек еткен. Оның денесін жақындары үйінен шығарды. Зейнетке жетсем Ресейге көшем деп жүрген екен. Бұрынырақ елден кеткен бала шағасы алыстан келіп, әкелерін соңғы сапарға аттандырды. Қоштасуға келген кеншілер де көп.

Ал шахтаның өзінде 5 күн бұрын басталған өрт әлі сөндіріліп бітпей жатыр. Өйткені конвеерлік лентадағы өт көмір қабаттарына тиген. Сондықтан тар жерде тұтанған көмірдің қою қара түтіні мен бет қаратпас ыстығы өрт сөндірушілерді маңайлатпай жатқан көрінеді.

Қазір жер астындағы 10 нан аса өрт ошағымен 40 шақты өрт сөндіруші алысып жатыр екен. Одан көп адамды кіргізуге жер астындағы тар жолдар мүмкіндік бермейді. Сондықтан мамандар тілсіз жаудың беті қашан қайтарын нақты айта алар емес.

Вадим Басин, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Бізде былтыр Ленин шахтасындағы өрт кезінде 3 апта деп жоспарлағанбыз. Бірақ одан ерте сөндірдік. Сондай болуы мүмкін. Керісінше созылып кетуі де ғажап емес. Өйткені жанған көмірді сөндіру оңай емес. Сондықтан нақты айта алмаймыз.

Қазақстан шахтасында еңбек ететін 1450 адамның 600 ден астамы қазір басқа шахталарға жұмысқа жіберілген. Қалғаны өрт сөндірушілерге көмектесу үшін осында жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде