{metadescription}
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахтасында болған апатқа кінәлілер түгел жазаланады
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахтасында болған апатқа кінәлілер түгел жазаланады

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахтасында болған апатқа кінәлілер түгел жазаланады

Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахтасында болған апатқа кінәлілер түгел жазаланады. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы «Бұл істі соңына дейін жеткіземіз» деп қадап айтты. Президенттің тапсырмасы бойынша апаттың себептерін егжей-тегжейлі зерттейтін арнайы комиссия құрылғаны да мәлім болды.

Әлихан Смайылов әуелі қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесіп, қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Оларға мемлекет пен жұмыс беруші қажетті қолдаудың бәрін көрсетеді деді премьер - министр. Мәселен, республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем қарастырылған. Сондай-ақ, аза тұтқан жанұяларға жұмыс беруші кеншілердің жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшерінде төлеп, жерлеу рәсімі мен еске алу шарасының шығындары өтеледі. Баспанасы болмаса облыста пәтер беріліп, балалары жоғары оқу орнында тегін білім алады. Сонымен қатар, компания отбасы мүшелерін жұмысқа орналастырып, ипотекалық несиелерін өтеуге міндетті.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Жауапты тұлғалардың барлығы тиісті түрде жазаланады. Өткен жылы да осындай жағдай болған. Ол кезде басшылық барлық қажетті шараны қабылдап, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инвестиция салуға уәде берген еді. Бірақ, көріп отырғанымыздай, қайғылы оқиға қайталанып отыр, қажетті көлемде қаражат бөлінбеуде. Сондықтан, қазір бұл компанияның иесі бойынша қандай шара қабылданады деген сұрақ қойылды. Өткен қайғылы оқиғалар бойынша тергеу жұмыстары аяқталу үстінде. Қыркүйек айында материалдар сотқа жіберіліп, кінәлілер, оның ішінде компанияның топменеджменті жауапқа тартылады деп күтілуде. Бұл істі соңына дейін жеткіземіз!

Кездесу барысында қайғыдан қан жұтқан отбасы мүшелері кеншілер үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді сұрады. Әлихан Смайылов қазір шахтерлерге ертерек 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатқанын жеткізді. Бұдан соң, Премьер-Министр Қарағандыдағы ауруханаға барып, зардап шеккен 11 кеншінің жағдайын білді. Кәсіпорын кеншілерге еңбекке жарамсыздық кезеңінде орташа еңбекақының 100% мөлшерінде төлем жүргізетіні белігілі болды. Әрі дәрі-дәрмектері төленіп, шипажай мен курортта емін жалғастыруға жолдама беріледі. Моральдық зияны да өтеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде