{metadescription}
Ақтөбеде автогаз жоқ
Ақтөбеде автогаз жоқ

Ақтөбеде автогаз жоқ

Ақтөбеде автогаз жоқ. Көлік жүргізушілері көгілдір отын іздеп сабылып жүр. Қорында газы бар бекеттер тек талонмен ғана құяды.

Тамыз басталғалы ақтөбелік жүргізушілер автогаз тапшылығын көруде. Айналдырған 2-3 бекетте әзірге көгілдір отын үзілмей тұр. Бірақ онда кезек күтіп, сағаттап тұруға мәжбүр. Бір апта бұрын шенеуніктер газ тапшылығын аймаққа Энергетика министрлігінен бөлінетін автогаздың көлемінің қысқарғанымен байланыстырған еді. Осы уақытқа дейін 13 мың тоннаның жартысынан көбін көлік жүргізушілері тұтынып үлгерген. Бірақ енді қосымша газ бөлінген кезде тағы тарығып қалды. Әкімдіктегілер газ өндіретін қос зауытта құрылғылар бұзылып қалды деп отыр. «СПНС-Ақтөбемұнайгаздың» зауыты күніне мың жарым тонна жөнелтетін болса, ақаудың кесірінен қазір күніне 800 тоннадай газ шығаруда. Ал «ҚазақОйлдың» тасымалдайтын автогазы тіптен азайған. Онымен қоса қыркүйекте өңірдегі газ өндіретін зауыттар жөндеуге жабылатын болса әкімдіктегілер не істерін білмей дал боп отыр.

Нұртай Сертаев, Ақтөбе облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда «СНПСАқтөбемұнайгаз» зауытында теплообменник бұзылуына байланысты теміржолмен тасымалдау қазіргі таңда азайтылған. Сонымен қатар «ҚазақОйл» жауапкершілігі щектеулі серіктестігінің зауытында компрессордың сынуына байланысты қазіргі күні күніне 65 тонна жөнелтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде