{metadescription}
Елімізге енді Вьетнамнан келетін туристер саны еселеп артуы мүмкін
Елімізге енді Вьетнамнан келетін туристер саны еселеп артуы мүмкін

Елімізге енді Вьетнамнан келетін туристер саны еселеп артуы мүмкін

Елімізге енді Вьетнамнан келетін туристер саны еселеп артуы мүмкін. Бүгін қос елдің Президенті Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режимге қол қойды. Құжатқа сәйкес, азаматтар мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен бастап, 30 күн ішінде еш кедергісіз жүре алады.

Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болғалы Ханойға бұл бірінші сапары. Екі ай бұрын жоспарланған іс сапар Абай облысындағы өртке байланысты шегерілген еді. Бүгін бас-аяғы 12-ден астам құжатқа қол қойды. Соңғы жылдары қос ел арасында барыс-келіс, алыс-беріс артқан. Әсіресе сауда-саттық көлемі үш жарым есеге ұлғайыпты. Вьетнамнан біздің елге сматрфондарды тасымалдау бизнесі өрлеп тұр. Екіжақты кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг 30 жылдан астам тарихы бар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Алдағы 2 күнге созылатын сапары барысында мемлекет басшылары ресми кездесулерден бөлек, бірнеше өнеркәсіп нысанын араламақшы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз екі мемлекет арасындағы экономикалық, саяси қатынастарға баса мән береміз. Вьетнамның экономикалық зор әлеуетін және оның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалаймыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша саудасаттық жарты миллиард доллардан асты. Жыл соңына дейін 1 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде