Президент жолдауы жүзеге асуда
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері жаңа жылдан бастап өссе, осы жылдан бері бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1 жарым жасқа дейін ұзартылған еді. Биылғы жеті айда жұмыс істемейтін ата-аналар мемлекеттен 21 миллиард теңгеге жуық жәрдемақы алды. Ал декреттік демалысқа шыққандарға 145 миллиард теңгеге тарта аударылған.
Автор: Мерей Қалиасқар
21.08.2023
Үкіметтің дерегінше, биыл республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін 107 мың 200 ата-ана жәрдемақы алды. Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан уақытша айырылған 439 мыңнан аса ата-анаға қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ, биылдан бастап елде бала күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы төлемақы 1 жарым жасқа дейін ұзартылғаны белгілі. Бұл тапсырманы Үкіметке Президент былтыр Қазақстан халқына жолдауында жүктеген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!