{metadescription}
Атырауда ат шабатын алаң жоқ
Атырауда ат шабатын алаң жоқ

Атырауда ат шабатын алаң жоқ

Атырауда ат шабатын алаң жоқ. Жыл сайын ипподром салуды сұрап барған ұлттық спорт жанашырларын облыс басшылары құрғақ уәдемен шығарып салады екен. Ашынған атбегілер бүгін облыс орталығына  жиналды. Олар жергілікті биліктен бұл мәселені жедел шешуін талап етті.

Ербол Жұпарғали, атбегі:

- Біздің басты мақсат атшабар алаң жөнінде. Себебі осы күнге дейін жауыр болған әңгіме. Айта, айта Алтайды, апам қартайды дейді. Айтып келе жатырмыз. Атырау облысын мұнайлы астана дейміз. Бүкіл облыста ипподром бар. Тек Атырауда жоқ. Менің жасым 42де. Есімді білгелі қара жер жусанның үстінде шауып келе жатырмыз. Әлі далада шауып жүрміз.

Атбегілердің сөзінше, атыраулық шабандоздар ипподром жоқтығынан  өзге өңірлерде өтетін үлкен бәйгелерге мүлде қатыса алмайды. Өйткені стандартқа сай ат шабатын  алаң жоқ болған соң мардымды дайындық болмайды дейді. Сондай-ақ, олар өңірдегі ұлттық спортқа осындай немқұрайлық салдарынан жас шабандоздар бұл спортты тастап кетіп жатқанын айтады. Ал шенеуніктер жер телімі бөлінді, енді оның құрылысын салатын демеуші қарастырып жатырмыз деп отыр.

Дастанбек Қоспанов, Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Осы ипподормға қатысты Атырау облысы Талқайран елді мекенінен жер телімі бөлінген. Оған қазір эскизный проект, яғни жобалық жоспары дайындалуда. Бұл мәселені шешу жолында демеушілік көмек қарастырылу үстінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде