Көкшетаудың «Сарыарқа» шағын ауданындағы мұз аренасы спортқа құштар балалардың орталығына айналды
Көкшетаудың «Сарыарқа» шағын ауданындағы су жаңа жабық мұз аренасы аз уақытта спортқа құштар балалардың орталығына айналды. Шайбалы хоккей мұз айдыны бар кешенді ғимаратты қалаға әлеуметтік жоба бойынша жергілікті кәсіпкерлер тарту еткен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
21.08.2023
Ұлан Қабдин, кәсіпкер:
- Мен өзім осы Көкшетаудың тумасымын. Осы мұз аренасын салмас бұрын, талдау жасадық. Қаладағы жалғыз мұз айдыны бар. «Бурабай» спорт кешеніне кішкентай балалар таңғы 630 да барып жүр екен. Ол кәсіби хоккейшілердің айдыны. Бұл жабық мұз аренасы Еуропалық стандартқа сай салынды .Туған жерімде балаларға жасаған жақсылығым үшін қуанып жүрмін.
Жылдың 4 мезгілінде мұз қалашығында хоккей, шорт трек, мәнерлеп сырғанау және конькимен жарыс өткізуге арналған кешен 700- ге жуық баланы қабылдай алады. «Алғашқыда жүрексініп, аяғындағы конькиімен тәлтіректеп жүргендері бір аптада еркін сырғанап кетеді», - дейді жаттықтырушылары. 2300 шаршы метрді алып жатқан кешенде медицина кабинеті, киім ауыстыратын 5 бөлме, балалардың киім кептіретін орындарына дейін бар. Мұзды құятын, өңдейтін, жинайтын арнайы кәсіби техника Еуропадан әкелініпті. Енді алдағы уақытта жаппай сырғанауға ниеттілерге мүмкіндік берілмек. Жабық мұз аренасына келушілер саны күннен күнге артып келеді екен.
Амантай Бекенов, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Қазір 57 жастағы балаларға осындай көңіл бөлуде. Ой, басында қиын мынаны қай уақытта үйренеді деп қобалжып жүретінбіз. Қазір әжептәуір үйренді жартыжыл көлемінде кәдімгідей мұз бетінде сырғанап.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!