{metadescription}
Жамбыл облысының алты ауданында төтенше жағдай жарияланды
Жамбыл облысының алты ауданында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысының алты ауданында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысының алты ауданында ағын су тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігі ресми хабарлады. Құрғақшылықтан қурап қалған егістік көлемі 9 жарым гектарға жуықтапты. Ал шығынға ұшыраған шаруа саны 300-ден асып жығылады.

Аймақтағы анықтау жұмысы әлі аяқталмағандықтан, айтылған сандар тек болжам ғана. Сондықтан бұл көрсеткіш қыркүйек айының бел ортасына дейін өзгеруі мүмкін. Алдын ала есеп бойынша, зардап шеккен диқандар шығыны 7 миллиардқа лрд жетеді. Қазір қожалықтарға тексеріс жүргізу мен олардан құжат жинау басталды. Ал қаржылай қолдау республикалық бюджеттен ақша бөлінгенде басталады.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

- Төтенше жағдай алты ауданда жарияланып отыр: Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Талас. Әр шаруа бойынша егілген дақылдың көлеміне сәйкес техкарта жасалынады. Ол Сол біздің арнайы ғылыми институттармен келісіліп, әр гектарға шығарылған шығынның көлемі есептелінеді. 15 қыркүйекке дейін осы жұмысты атқарамыз.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.