{metadescription}
Әлихан Смайылов: Биыл қазақстандықтар нансыз қалмайды
Әлихан Смайылов: Биыл қазақстандықтар нансыз қалмайды

Әлихан Смайылов: Биыл қазақстандықтар нансыз қалмайды

Биыл қазақстандықтар нансыз қалмайды. Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында халыққа осындай уәде берді. Құрғақшылыққа бола қамба толмаса да, жиналған астық елді түгел ас атасымен қамтуға жеткілікті.

Үкімет басшысының сөзін ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те қостап отыр. Құрғақшылықтан жапа шеккен шаруалардың несие өтеу мерзімі ұзартылатын болыпты. Жалпы су тапшылығына байланысты дәнді-дақылдар алқабының бір жарым миллион гектары нашар күйде деп бағалануда. Қазір бірқатар өңірде егін орағы басталған. Астық жинауды уақтылы жүргізу үшін шаруаларға нарықтық бағадан 15 пайызға төмен 426 мың тонна дизель отыны берілді. Жергілікті әкімдіктер тарапынан да іскер азаматтарға қолғабыс жасалуда. Әкімдіктер қосымша10 млрд. теңге субсидия бөлуге міндеттелді. Ал Үкімет: «бидай бағасын тұрақтандыру үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз,нан бағасы алдағы жарты жылдықта қымбаттамайды» деп отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Өздеріңіз білетіндей, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды. Құрғақшылықтан бірқатар өңір зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Құрғақшылық салдарын жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.