{metadescription}
Жолдау аясында 7 миллион 800 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Жолдау аясында 7 миллион 800 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жолдау аясында 7 миллион 800 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Президент Жолдауының аясында 2022 жылдың басынан бастап 7 миллион 800 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Игерілмей бос жатқан немесе заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерінің ең ауқымды көлемі, яғни 1 жарым миллион гектары Қарағанды облысынан анықталды.

Қостанай облысында 738 мың;

Ақтөбе облысында 745 мың гектар;

Түркістан облысында 631 мың;

Павлодар облысында 532 мың гектар жер телімі тәркіленіп, мемлекет меншігіне өтті.

Еліміздің әр түкпірінде ауыл тұрғындары төрт түлігін жаятын шабындық жердің жоқтығынан зардап шегуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі осыған дейін мәлімдегендей, мемлекет меншігінеқайтарылған жер бірінші кезекте халықты жайылыммен қамтуға бағытталады. Аудандар резервіне қойылып, халық өзіне тиесілі аумақпен қамтамасыз етілгеннен кейін, артылған бөлігі байқауға шығарылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.