{metadescription}
Ғани Бейсембаев: Оқушылар мектепке оқушы формасымен келуі керек
Ғани Бейсембаев: Оқушылар мектепке оқушы формасымен келуі керек

Ғани Бейсембаев: Оқушылар мектепке оқушы формасымен келуі керек

Мектепке белгіленген тәртіп бойынша келу керек. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың хиджаб киюіне байланысты мәселеге нүкте қойды. Ол мектеп формасына қатысты бұйрық 7 жыл бойы еш өзгермегенін жеткізді.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Мемлекетіміз конституция бойынша зайырлы мемлекет деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. 2016 жылы бекітілген бұйрық бар, оқушылардың киіміне, формасына қатысты. Ол еш өзгеріске түскен жоқ. Сондықтан мектеп формасы бойынша, талап бойынша, оқушылардың барлығы мектепке оқушы формасымен бірдей келуі керек. Балалардың біркелкі, бірдей білім алуына жағдай тудыру бағытында жасалған дүние.

Оқушылардың хиджаб кию мәселесі жыл сайын көтеріледі. Осы орайда министр балалардың мектепке барудағы мақсаты сапалы білім мен саналы тәрбие алуында, сондықтан ата-аналар өзге мәселені араластырмау керек деді. «Мектеп формасына қандай талап қойылса, соны ұстанып, заңға бағынуы қажет» - деді Бейсембаев. «Оқушы талапты ескермей, хиджаб киіп келсе, мектеп әкімшілігі не істеуі керек?» деген сауалға ведомство басшысы нақты жауап бермеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.