Елімізде шілде айында 2 жарым миллионнан аса адам несие алған
Қарызға батқан қазақстандықтардың саны артты. Шілдеде 2 жарым миллионнан аса отандасымыз несие алған. Бұл небәрі бір айдағы ғана көрсеткіш. Берілген қарыз көлемі де рекорд жаңартып, алғаш рет 1 жарым триллион теңгеге жетіп отыр. Бұл маусым айымен салыстырғанда 200 миллиард теңгеге артық.
Автор: Салтанат Шырынхан
22.08.2023
Несие алуға астаналықтар мен алматылықтар мұқтаж екен. Әсіресе соңғы айда автонесиені рәсімдегендер көп. Темір тұлпар тақымдаған 18 мыңға жуық азамат банкке 143 миллиард теңге берешек. Одан кейін кепілсіз тұтынушы несиелерге сұраныс жоғары. Яғни 2 миллион адам банктен триллион теңгені ақшалай алған. Сондай-ақ айлыққа дейін деп, микроқаржы ұйымына жүгінгендер көбейген. Кепілсіз,бірақ пайызы жоғары қарызды көбіне жастар алатын көрінеді. Яғни 170 мың теңгеге дейін алынған қарыз көлемі көп. Ал ипотекаға баспана рәсімдегендер саны биыл төмендепті. Жалпы халықтың екінші деңгейдегі банктерге берешегі 17 триллион теңге. Борышкерлердің 20 пайызға жуығы төлем уақытын 90 күнге кешіктірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!