Қайрат Боранбаев кінәсін мойындап, залалды өтегісі келетінін мәлімдеді
Бүгін Қайрат Боранбаевтың соты жалғасты. Кәсіпкер судья алдында кінәсін толық мойындап, залалды өтегісі келетінін мәлімдеді. Астана қаласы сотында өткен сотқа Қайрат Боранбаевтың өзі бастамашы болған.
Автор: Айжан Шамшидин
22.08.2023
Ал өзге сотталушылар Роман Наханов пен Тайыр Жанұзақов оған қосылатынын айтқан.
Биыл наурызда белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев сегіз жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Оған «АзияГаз Чунджа» арқылы Qazaq Gaz ұлттық компаниясынан газ тасымалдау кезінде14 жарым миллиард теңге қаражат жымқырды деген айып тағылды. Алайда араға төрт ай салып, қылмыстық істер жөніндегі қала соты алқасы шығарылған сот үкімінің күші жойылады. Бұған Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжат түпнұсқасының болмауы себеп. Сот хаттамасында алаяқтық схемасын дәлелдейтін дерек жоқ делінген.
Бүгінгі кезекті сот отырысында өз кінәсін толық мойындаған Қайрат Боранбаев судьяға «бір-ақ өтінішім бар» деп қолқа салды. Бір айдан бері қыздарын сағынған ол, бұқаралық ақпарат құралдарынсыз, 10 минутқа тілдесіп, құшақтауға рұқсат сұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!