{metadescription}
Белағашта кәсіпкердің туған жиені 123 бас қойын ұрлап әкеткен
Белағашта кәсіпкердің туған жиені 123 бас қойын ұрлап әкеткен

Белағашта кәсіпкердің туған жиені 123 бас қойын ұрлап әкеткен

Ақмола облысындағы Белағаш ауылында 59 жастағы кәсіпкерді туған жиені тонап кетті. Ол нағашысының 123 бас қойын жазғы қорадан түнделетіп келіп артып әкеткен. Қасында үш сыбайласымен қой етін дәмханаларға өткізіп жіберіпті.

Ұрлығы әшкере болған азамат 100-ден аса қойды қалай сойып, терісі мен ішек-қарнын қалай жойғанын полицияға айтып тұр. Жеке кәсіпкердің малының құлағында таңбасы да болған. Оны өртеп жіберген. Айтуынша, нағашысының ауылдағы жазғы қорасын жақсы білетін 30 жастағы жиені ол жерге оп-оңай кірген. Тіпті жүк көлігін тақап қойып, қойларды артып алыпты. Қасында үш таныс жігіт болған. Төртеуі малды Белағаш ауылынан Атбасар қаласына алып келіп сойып, етін түрлі дәмханаларға өткізіп үлгерген. Кәсіпкерге келген шығын 7 миллион теңге.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жақсы ауданының полициясы бұл іске қатысы бар деген күдікпен төрт азаматты ұстады. Сотқа дейінгі тергеу басталып, мал ұрлығы бабымен іс қозғалды. Олар қой етін сатып үлгерген. Қазір полиция оларды осыған ұқсас қылмыстарға қатысы баржоғын тексеріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде