{metadescription}
Есірткі мен ішімдікке құмарту тыйылмай тұр
Есірткі мен ішімдікке құмарту тыйылмай тұр

Есірткі мен ішімдікке құмарту тыйылмай тұр

Елімізде есірткі мен ішімдікке құмарту тыйылмай тұр. Мәселен, Павлодардағы бір ғана «Асар» әлеуметтік сауықтыру орталығында жыл сайын 200 адам емделеді екен. Ал тәуелділіктен оның жиырма бес пайызы ғана арылатын көрінеді.

Әбіл Нұрпейісов, емделуші:

- Емделемін деп өзім шештім. Өйткені бар байлығымнан айырылдым. Атаанам менен теріс айналды. Қазір мамыр айынан бастап жан-жақты емделіп жатырмын.

Дегенмен орталық үшін науқастардың 25 пайызының оңалуы жоғары көрсеткіш. Себебі әлемдік статистикада есірткі мен ішімдікке қарсы ем-дом жүргізілгеннен кейін, тек оның 10-15 пайызы ғана тәуелділіктен құтылады екен. Сондықтан «Асар» әлеуметтік сауықтыру орталығында ем алатындардың қатары көбейген. Еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, Орталық Азия елдерінен де осында арнайы келген науқастар бар. Өйткені мұнда психиатрия, психотерапия және наркология саласында ем-дом жоғары дәрежеде жүргізіледі. Сонымен қатар оларды наша немесе спирттік ішімдікке тәуелділіктен арылтып қана қоймай, еңбекке баулитын бағдарламалар да қамтылған. Соның нәтижесінде орталық өзінің 20 жылдық тарихында 600 науқасты салауатты адам қатарына қосқан.

Сағат Алтынбеков, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі:

- Орталықты ашқанда, 2003 жылы он шақты әріптесімізді шет елге жібердік. Польшада «Манар» деген орталық болған. Сонда бір ай жатып, Польшада оқыттық. Артынша Психология институтына түсірдік. Қазір осында жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде