{metadescription}
Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның денесі түгел табылды
Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның денесі түгел табылды

Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның денесі түгел табылды

Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның денесі түгел табылды. Құтқарушылар бүгін таңертең 12 жастағы ұлдың мәйітін өзенге түскен жерінен 15 шақырым жерден алып шықса, 10 жастағы қыздың мүрдесі 300 метр қашықтан анықталды.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Оныншысын қайықпен өзен бетін қарап жүргенде сүңгуірлер тапты. Он бірінші адамды, сүңгуірлер ағаштың бәрін қозғап, өтіп кеткеннен кейін өрт сөндірушілер аяғының ұшын байқап қалып, алып шықты.

Қазір жеткіншектердің мүрдесі сараптамаға жіберілді. 21 тамыз күні Ызакөл ауылындағы бір әулеттің 21 адамы Сырдария жағалауына демалуға шыққан. Бірақ шомылып жатқан жеткіншектердің бірі суға тұншығып, оны құтқару үшін ересектер өзенге секірген. Олардың соңынан кішкентай балалар секіріп, жаппай суға кеткен. Осылайша демалуға шыққан әулеттің 6 - 40 жас аралығындағы 11 адамы мерт болды. Олардың сегізі – балалар. Мәйіттерді іздеуге екі күннен бері 150-ден астам құтқарушы мен еріктілер тобы жұмылдырылып, дарияның іші мен жағалауын сүзіп тапқан болатын. Судан аман шыққан тағы бір ересек пен екі балақай ауруханада жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде