{metadescription}
Прокурор Рашид Аюповты 13 жылға қамауды сұрады
Прокурор Рашид Аюповты 13 жылға қамауды сұрады

Прокурор Рашид Аюповты 13 жылға қамауды сұрады

2 млн 800 мың доллар пара алды деп айыпталған Кентау қаласының экс-әкіміне жақында үкім шығарылады. Астанадағы Байқоңыр ауданы сотында өткен жарыссөзде прокурор судьядан Рашид Аюповты 13 жылға қамауды сұрады. Сондай-ақ дүние мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынуы мүмкін.

Жарыссөзге Рашид Аюпов пен оның адвокаттары қатысқан жоқ. Айыпталушы сырқаттанып қалуына байланысты уақытша ұстау изоляторынан бейнебайланысқа шықты. Таңғы сағат 10-да басталып, түстен кейін де жалғасын тапқан тыңдалымда Аюпов сол күйі айыбын мойындаған жоқ.

Экс-шенеунікке кәсіпкерден 2 млн 800 мың доллар пара алды деген айып тағылып отыр. Есесіне Аюпов бизнесменге тендер ұттырып беруге уәде еткен. Тергеу хаттамасында көрсетілгендей, аса ірі көлемде пара алған Рашид Аюпов сол ақшаға алдымен Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі мен Астанадағы BI Village коттедж қалашығынан 90 млн теңге тұратын баспана сатып алып, туысының атына жаздырып қойған. Сондай-ақ үш жүк көлігін де иемденген.

Бұл қылмыстық істе Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың де есімі жиі айтылады. Ол әкім болған кезде айыпталушы әкімдіктің аппаратын басқарған еді. Екеуі де «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Аюпов Илон Маскке Түркістаннан зауыт салу туралы ұсыныс жасап, өзі мүгедектерге арналған арбаға отырып, жолдың сапасын тексерген әкім ретінде елдің есінде қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде