{metadescription}
Ақтөбеде апатты үйден көшірілгендер баспанасыз қаламыз ба деп қорқады
Ақтөбеде апатты үйден көшірілгендер баспанасыз қаламыз ба деп қорқады

Ақтөбеде апатты үйден көшірілгендер баспанасыз қаламыз ба деп қорқады

Ақтөбеде апатты қос үйден көшірілген тұрғындар баспанасыз қаламыз ба деп қорқады. Жергілікті билік күзге дейін 48 шаңырақ жаңа қонысқа кіреді деп уәде еткен-ді. Бірақ оларға арналған үйдің құрылысы аяқталар емес.

Гүлнұр Ысқақова:

- Бес ай болды. Қазір уақытша үйде тұрып жатырмыз. Бүкіл жиһазымыз осында. Бесалты көрпе, бес-алты ыдысымызбен бірге уақытша берген №37 үйде тұрып жатырмыз. Бізге №51 үйді берді. Бірақ ол 4 қыркүйекте бітеді, сол уақытта кіресіздер деген. Бірақ ол жақта жұмыс жүріп жатқан жоқ. Бригада жоқ. Жаздың басында қалай тұрды, дәл солай тұр.

48 пәтерлі бұл үйді тұрғындар небәрі екі жыл паналады. Мемлекеттік бағдарламамен салынған жаңа ғимарат биыл тұруға жарамай, осындағы отбасылар бес ай бұрын түгел қауіпсіз жерге көшірілген. Өйткені үйдің іргетасы үгітіліп, қабырғасы қақыраған. Оны әкімдіктегілер сүріп тастаймыз деп отыр. Қазір қоршау қойылған. Ал тұрғындары «уәде еткен баспанамыз қайда?» деумен мекемелердің табалдырығын тоздыруда. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан өзге үйді көктемде белгілеп берген еді. Бірақ оның құрылысы жақын арада бітіретініне тұрғындар сенбейді. Құрылысқа жауапты шенеуніктер «бір айдан соң қоныс тойын тойлайсыңдар» деп сендіріп отыр.

Бауыржан Жантөрин, Ақтөбе құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

- Бұл үйде құрылыс аяқталып қалды. Тек ішін ақтап, сыртын сырлау ғана қалды. Жоспар бойынша 20 қыркүйекке дейін толық бітіруіміз керек. Жоспардан қалған жоқпыз. Үйдегі 150 пәтер сол кезде толық қолданысқа беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде