{metadescription}
Атырауда жұмысшылар әкімдікке жалақы даулап келді
Атырауда жұмысшылар әкімдікке жалақы даулап келді

Атырауда жұмысшылар әкімдікке жалақы даулап келді

Атырауда ала жаздай Жайықтың арнасын кеңейтумен айналысқан жұмысшылар әкімдік алдына жалақы даулап келді. Еңбекақы төлеу уақыты келгенде мердігер компания басшылары «әкімдіктен ақша түспей жатыр» деп шығарып салады екен.

Расымен де өзен арнасын қазуға тапсырыс беруші – Атырау облысы әкімдігі. Айлықтарын сұрай-сұрай сарылған олар жұмысты тоқтатып, амалсыз әкімдікке келген. Шу шыққан соң бес жарым млрд теңгенің тапсырысын алып отырған компания жалақы мәселесін бір күнге жеткізбей шешіпті.

- «Жұмыстан шығыңдар, бәрің кетіңдер» деді, кетеміз дедік.

Бұл Атырау қаласында Жайық өзенін тереңдету жұмысын істеп жатқан жұмысшылар. Ай сайын уақтылы айлық ала алмай отырмыз деп ашынған олар облыс әкімдігінің алдына жиналып жанайқайын жеткізді. Олар Атырау облысы әкімдігінен тапсырыс алған «Павлодар өзен порты» компаниясына қосалқы «Нұр Капитал Құрылыста» жұмыс істейді екен. Наразы топтың сөзінше мердігер жұмысшыларға құлша қарайды. Еңбекақы талап етсе, жұмыстан шығара салады дейді.

Болат Қожамұратов, жұмысшы:

- Жігіттердің балашағасы бар. Бәрі адал еңбек етіп, адал ақысымен асырағысы келеді. Бізде жалақы уақыты келе, айқайшу. Қашан болады десең, үнемі «ертеңмен» құтылады. Бұл проблема былтыр маусымда басталды. Содан бастап ақша сұраған адамдарды жұмыстан шығарып жібереді.

«Еңбекақыдан бөлек, әлеуметтік төлем де аударылмайды. «Оған қоса таңғы ассыз жұмысқа шығып кететін күндеріміз бар, осы уақытқа дейін мұның бәрімен санаспай келдік» - деп ашынады жұмысшылар.

Айтуар Айса, жұмысшы:

- Біз әкімдікке қараймыз. «Көлемдеп алып отырмыз» дейді. Мұның белгілі бір шақырымы бар, соны өткізбей, техбақылаушылар тексеріп, қол қоймайынша, бізге ақша аудармайды. Ақша аудармаған соң, сендерге жалақы бере алмаймыз дейді. Бір күн демалыс жоқ. Сіздерден демалыс та, ештеңе сұрап жатқан жоқпыз, тек айлығымыз 500 мың ба, соны толық 10ы күні төлеңдер, болды.

Наразы топтың алдына шыққан шенеуніктер компанияға әкімдік ақшаны уақтылы аударып отырғанын, бұл жағдайдан бейхабар екенін айтып ақталды. Мердігер мекеме басшыларына да телефон арқылы хабарласты. Бірақ олар жұмысшылардың сөзін жоққа шығаруға тырысты. Ақыры әкімдік бас мердігерді шақыртқан.

Нұрберген Құсайынов, Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы:

- Кеше жұмысшыларға таңертең бәрі төленгенін айтты. Бұл мәселе бойынша шешілді. Біз өз тарапымыздан ескерту бердік. Айлық уақтылы төленсін.Бір күн бекітілсін деп. Сол мәселені бұлар қазір қосалқы мекемемен талқылайды.

Сондай-ақ шенеуніктер алдағы уақытта жағдайы бақылауда ұстаймыз дейді. «Нұр Капитал Құрылыс» компаниясы өкілдері де «жұмысшылардың еңбекақысын толық төледік, түгелдей ертеннен бастап өз қызметіне оралады» деп отыр. Оған қоса заңды келісімшартымен, әлеуметтік төлемді де реттеуге уәде етті.

Жалпы Жайық өзені арнасын тереңдету жұмысына қазынадан 5,5 млрд теңге бөлініпті. Бұл жұмыс жыл соңында аяқталады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде