{metadescription}
Алматы әуежайы 250 орындық көлік тұрағымен толықтырылады
Алматы әуежайы 250 орындық көлік тұрағымен толықтырылады

Алматы әуежайы 250 орындық көлік тұрағымен толықтырылады

Алматы әуежайы қосымша 250 орындық көлік тұрағымен толықтырылады. Алғашқы бөлігі келесі айда қолданысқа беріледі. Ал қалғаны қарашаға жоспарланған. Әуежай басшылығы орын тапшылығы мен кептеліс мәселесін осылай реттеуді көздеген.

Ал тамыздың 29-да осыған дейін жөндеуде болған әуежайдың екінші қабатына көліктер көтерілетін пандус ашылады. Осылайша төменгі қабаттағы ығы-жығы қозғалыс жөнге келеді деген жоспар бар.

Жаңа халықаралық терминалдың құрылысы келер жазда аяқталады. Жалпы аумағы 55 мың шаршы метрден асады. Терминалда 40 тіркеу пункті болады. Жоба құны – 200 миллион доллар. Алматы әуежайы негізінен жылына 2,5 миллион адам қабылдауға арналған. Бірақ бұл көрсеткіш биыл 8 миллионға жетуі мүмкін. «Жаңа терминал ашылса, онда бір жылда 14 миллион қонақ қабылдай алатын мүмкіндік туады» - дейді әуежай басшылығы.

Алып Ер Тунга Ерсой, Алматы халықаралық әуежайының президенті:

- Жаңа терминал ашылғаннан кейін біз жергілікті рейстерге арналған терминалды қалпына келтіре аламыз. Сәйкесінше, жүк жүйесін ұлғайту мақсатында қосымша орын пайда болады. Екі терминал жеті мыңға жуық жүкті бір уақытта қабылдайды. Осылайша жолаушыларды қабылдау жұмысы жеңілдейді деген сенімдеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде