{metadescription}
Жыл басынан бері 20 миллионның жол белгілері ұрланған
Жыл басынан бері 20 миллионның жол белгілері ұрланған

Жыл басынан бері 20 миллионның жол белгілері ұрланған

Жол белгілерін еш қысылмастан үптеп кететіндерге тосқауыл болмай тұр. Республикалық маңызы бар трассаларда темір-терсектің түгін қалдырмай қолды қылған ұрылар, енді үлкен жарық беретін трансформаторларды арқалап кететін болған.

Салмағы бірнеше центнерге жететін зілдей темір бағаналарын үйіне әкеткен баукеспелер оны бөлшектеп, металл өткізетін орталықтарға сатқан. «Қазавтожол» дерегінше, ұрылар пішіні төртбұрышты белгілерден күрек жасап, қыста ауыл тұрғындарына сатып жүрген. Ал дөңгелек пішінділерін қазан қақпақтарына жаратқан. Ең қызығы, үй жануарларынан қорғайтын торлар да кәдеге асыпты. Ірі трассаларға жақын маңдағы кейбір үйлердің сырты осындай тормен қоршалып тұр. Ал жарықдиод катафоттар велосипедтерге бекітіліпті. Жалпы жыл басынан бері 20 млн теңгенің жол белгілері ұрланған.

Ләззат Стамғазиева, QazAvtoJol ұлттық компаниясының ресми өкілі:

- Ақмола облысында Екатеринбург Алматы деген тас жол бар. Сол жерде жарық беріп тұратын екі ауыр трансформатор болатын. Сол жерде жарық беретін шам орнаттық. Екі үлкен трансформаторды енді орнатайын деп жатқанда ұралап кетті. Тоқты енді қосайын деп жаттық. Сонымен қатар жарыққа 150 кабель болған. Соны да қоса алып кетті. Әрине, бұл ойландыратын жайт.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде